Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тәуелсіз өмір сүруден артық бақыт жоқ!

Адамның ең басты арманы-Тәуелсіз болу! Ортадан, біреуден. Тәуелсіз болғанда ғана, белгілі бір жетістікке жетуге болады. Бірақ, Тәуелсіздік, демократия деген, бұл- шектен шығушылық, тәртіп бұзушылық емес. Бұл, бір мақсат, бір міндет жолындағы күрес. Адами күрес. Қысқасы...

Бізге өз Тәуелсіздігіміз қымбат. Неге дейсіз ғой? Ол бізге қымбат- ата- бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат- сөнген мемлекетіміздің отын маздатып жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат- елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат- ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз- қаз тұрғызып «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! Ол бізге қымбат- «Отан» деп жүрегімізді қақтырғаны үшін! «Елім» деп елеңдетіп, «жерім» деп желпінтіп, барша алпыс екі тамырымызды игізіп, ата жұртын сүйдіргені үшін! Мен елімді сүйемін!

 
0
0
1050

Осы тақырып бойынша