Мазмұнға өту

Жаңа

Мемлекеттік тіл – мерейім

Тілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға бысты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әд…

0
0
630

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі — сіздің салымдарыңыз сақталуының кепілдігі

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі – сіздің кез келген: үлес құрылысына болсын, ипотекалық несиеге болсын құйған салымдарыңыз сақталуының кепілдігі. Бұл – Қазақстандағы инновациялық жобалар мен бизнес дамуының кепілдігі. Бұл – құр сөз емес, нақты сандар мен нақты істер. Осының бәрінен хабардар болу үшін видеороликке назар аударыңыз.

0
0
500

Искусственный Интеллект на основе Абайдың Қара Сөздері

Всем привет! Задумывались ли когда либо что придет время когда Искусственный Интеллект будет настолько могущим как в эти дни?! Для демонстрации этого я взял Абайдың Қара Сөздері и натренировал им Искусственный Интеллект. Что из этого вышло: abaiapp ! Вот некоторые примеры "искусственного Абая": Молында секілді нәрселер ойнан болады, жерік жоқ деп оталады. Басында жаратып жүрсе, яки жамағат, сол мал табамын деп жүріп үйрену көрді демекке керек. Жәркен сол фақыры жоқ болса, кеңек қылатұғын нәрсе, о нан не болады. Иными словами имея всего 45 қара сөз, мы можем сгенерировать 450000 новых қара сөз. Но конечно они не будут иметь в точности такого глубоко смысла как оригинал. Для того чтобы проверить насколько искусственный интеллект хорош, мы создали прототип игры: вам дается предложение и вы д…

2
1
784

Өз идеяңызды үш минут ішінде қалай сатуға болады?

Маған жастар өз өніміңе қалай таныстырылым жасағаным және қалай жазғаным дұрыс деп жиі жазады. Мен талай рет көпшіліктің алдында сөйледім. Таныстырылым жасауда тәжірибе болса да, залда 5000-нан астам адам отырғанын көріп, тұла бойың дірілдеп, тынысың бітіп, адреналин ойнап тұрады. Бірақ менің бір сезетінім – сен залға арнап айтайын деген ақпаратыңды ғана ойламай, эмоциямен, харизмамен, әзіл қосып сөйлеуге тырысу керек. Басқа спикерлерден ерекшелену, қазылар алқасының көзіне түсу, тыңдармандардың жүрегін баурап алу – міне, біздің міндетіміз. Мен әдетте сөзімді былай бастаймын: Менің аты-жөнім - Арман Тосканбаев. Өкінішке орай, алдыңғы спикерлер сияқты менің дипломым жоқ, бірақ менің кәсіпкерлікпен айналысқаныма 10 жыл болды. Өз тәжірибем арқылы байқағаным: табысты болу үшін ғалым болудың қ…

2
0
804

1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға өседі. Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді. Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 20% - ға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 45 711 т…

0
0
360

Бүгіннен бастап, медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Есіңізде болсын!

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы медициналық қызметтерді сатып алу ережесін тұңғыш рет Алматыда медицина саласы және бизнес қауымдастығы өкілдерімен болған кездесуде жұртшылық назарына ұсынды. Кездесуге мемлекеттік және жекеменшік медицина ұйымдарының өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері шақырылды. «Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде денсаулық субъектілерінен қызмет түрлерін сатып алу ережесі әзірленді. Қазіргі таңда тиісті бұйрық жобасы талқыланып, келісіліп жатыр», - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. Министрдің пікірінше, жаңа ережелер бизнес субъектілерінің кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі мен міндетті әлеуметтік меди…

1
0
428

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әр азаматтың парызы. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білу керек. Бұл бағытта біздің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті де тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 21 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 5 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ және Қордай ауданындағы Отар ауылдарында 2 сектор, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпораци…

0
0
428

2017 жылғы маусымның 23-сінен бастап 30-ын қоса алғандағы кезең ішінде

1.  Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде 178 нормативтік құқықтық акті тіркелді;

2.  Құқықтық ақпараттық қызмет азаматтардың 2887 сұрақтары бойынша консультация көрсетті;

3. «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 159 нормативтік құқықтық акті ресми жарияланды.

0
0
259

Шапандағы Назарбаев. Ұлттық киімнің пайдасын білеміз бе?

Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы айтылып та, жазылып та жүр. Сол ұлттық киімдердің медициналық жағынан қандай артықшылықтары бар. Baistars.kz жазбадасында осы жайлы сөз етеміз. Бас киімнің биік болуында да көп мән бар. Халқымыз қашаннан бас киімге үлкен мән берген. Қыздарымыз тұрмысқа шыққанда киетін сәукеле мен бөрікті алайық. Қазіргі күні осындай ұлттық бас киімімізге ұқсайтын бас киімдерді аспаздар мен дәрігерлердің жұмысқа киетіні белгілі. Оның мәні – бастың төбесі мен бас киімнің арасында вентиляция жүреді, яғни, аспаздардың асханада ыстықтамауы, ал дәрігерлердің суық мәйітханада тоңбауы ескерілген. Басқаша айтқанда, ауа температурасының өзгергенімен, биік бас киім киген адамның бойында тұрақты, бірқалыпты температура сақталатыны бүгінгі күні дәлелденіп отыр. Ал тұрақты температ…

0
0
923

«017 AV» жүргізушісіне айыппұл салыныпты

Астанада Конгресс-орталық алдында баспалдақтан Mercedes көлігімен түскен жүргізушіге айыппұл салынды деп жазады Tengrinews.kz дегілер.

Айта кетейік, бұл сурет өткен аптада жарияланған болатын. "Астана қалалық ІІД-нің ЖПҚ қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірі 017 AV Mercedes маркалы көліктің баспалдақ алаңына шығып кеткені түсірілген суретті зерттеді. Зерттеу қорытындысы бойынша жүргізушіге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабының 1-бөлігі ("Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу") бойынша 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін жүргізушімен алдын алу әңгімелесу шарасын жүргізілгені айтылады.

1
0
412