Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-әр азаматтың парызы. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білу керек. Бұл бағытта біздің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті де тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 21 Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде 5 қалалық, 10 аудандық, 1 ауылдық, 1 мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары, Мойынқұм ауданындағы Шығанақ және Қордай ауданындағы Отар ауылдарында 2 сектор, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімдерінде қызметтердің толық спектрін қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыру мақсатында, Шу және Т.Рысқұлов ауданының ӘТВЕО бөлімдерінде 2 сектор орналасқан.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын-алу мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, соған сәйкес филиал бөлімдерінде «Нұр Отан» партиясы, ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы, прокуратура, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, құқықтық оқыту сабақтары, семинар кеңестен тұрақты түрде өткізіліп отырады. Бүгінге дейін жоспарға сәйкес  бөлімдерде сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында әртүрлі форматта 500 іс-шара ұйымдастырылды.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын-алу мақсатында барлық бөлімдерде бейне таспа орнатылып, күнделікті Астана қаласында орналасқан ахуалдық орталығы мен мониторинг және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің қызметкерлері тарапынан қадағаланып отырады. Филалда және оның бөлімдерінде «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымына арналған жәшік орналасқан. Сонымен қатар әр бөлімде «Арыз-шағымдарды тіркеу» кітабы бар.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Осы орайда ХҚКО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары одан әрі жалғасын таба бермек.

 

Жамбыл облыстық «Халыққа қызмет

көрсету орталығы» департаментінің

мемлекеттік қызметтерді көрсету

сапасын бақылау бөлімінің маманы

Ақнұр Сұлтанбекова

0
0
387

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді - Yvision.kz