Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шапандағы Назарбаев. Ұлттық киімнің пайдасын білеміз бе?

Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы айтылып та, жазылып та жүр. Сол ұлттық киімдердің медициналық жағынан қандай артықшылықтары бар. Baistars.kz жазбадасында осы жайлы сөз етеміз.

Бас киімнің биік болуында да көп мән бар. Халқымыз қашаннан бас киімге үлкен мән берген. Қыздарымыз тұрмысқа шыққанда киетін сәукеле мен бөрікті алайық. Қазіргі күні осындай ұлттық бас киімімізге ұқсайтын бас киімдерді аспаздар мен дәрігерлердің жұмысқа киетіні белгілі. Оның мәні – бастың төбесі мен бас киімнің арасында вентиляция жүреді, яғни, аспаздардың асханада ыстықтамауы, ал дәрігерлердің суық мәйітханада тоңбауы ескерілген. Басқаша айтқанда, ауа температурасының өзгергенімен, биік бас киім киген адамның бойында тұрақты, бірқалыпты температура сақталатыны бүгінгі күні дәлелденіп отыр. Ал тұрақты температура қан қысымы ауруларынан сақтайды екен.  Қыздың ұзатылу тойында киетін бас киімді қалыңдық қана емес, оның жанында еріп жүрген нөкерлері де киген.

Жалпы халқымыз (мәсіден басқа) биік өкшелі аяқ киімдерге де үлкен мән берген. Сол кездегі ер адамдар да, әйел адамдар да міндетті түрде 3-5 сантиметрлік өкшесі бар аяқ киімдер киюге ұмтылған. Оның медициналық мәнін дәрігерлер қазір ғана айтып, өкшенің биіктігі 3-5 сантиметрден төмен болмауы және аспауы керек деп ұсынып отыр. Өйткені омыртқа аурулары, күре тамырдың ұлғаюы, майтабан ауруы сияқты ауруларды болдырмау осы биік өкшелі аяқ киімдерге тікелей байланысты.

0
0
853

Осы тақырып бойынша

Шапандағы Назарбаев. Ұлттық киімнің пайдасын білеміз бе? - Yvision.kz