1 шілдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседі
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға өседі. Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді. Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен өседі. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мөлшері 20% - ға дейін көтеріледі. Мәселен, ең төменгі зейнетақы мөлшері (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 45 711 т…