Мазмұнға өту

Жаңа

Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасілов еліміздегі ғылым саласының дамуы жайында тікелей байланысқа шықты.

Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірасілов еліміздегі ғылым саласының дамуы жайында тікелей байланысқа шықты. Көрсетілім Facebook әлеуметтік желісіндегі Science in Kazakhstan парақшасында өтіп жатыр https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1915596968712120&id=1773518506253301. Көкейкесті сауалдарды тікелей эфир посты арқылы қоюларыңызға болады. Идет прямая трансляция выступления председателя Комитета науки Болатбека Абдрасилова по вопросам развития науки. У вас есть возможность задать интересующие вопросы по науке под постом прямого эфира, который начался сегодня в 11.00 часов на странице Science in Kazakhstan https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1915596968712120&id=1773518506253301 #science #scienceinkz #scienceinkazakhstan #kazakhstan #наука #наукавкз #наукавказах…

0
0
644

Кереку аспанын қазақтың қара өлеңі тербеген күн

Бүгін Кереку аспаны қазақтың қара өлеңімен тербелді... Қалижан Бекхожинның еңселі ескерткішінің аясына жиналған ақындар қауымы ашық аспан астында туған ел, жер жайлы туындыларын оқып, жиылған жұттың ықыласына бөленді. «Сарыарқа самалы» облыстық газетінің қала күніне орай ұйымдастырған поэзия кешіне Кереку өңіріндегі қаламгерлердің жас-кәрісі тегіс жиналды. Кеш шымылдығында сөз алған күрескер ақын Арман Қани ағамыз, осындай әдеби кештердің маңыздылығын айта кетіп, Павлодар қаласы туралы сиясы кеппеген туындысын тарту етті. Одан бөлек Екібастұз қаласы «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жұмағали Қоғамбайұлы да туған жер жайлы жыр шумақтарын қалың көпшілікке ұсынды. Қала төріндегі жыр кешіне аға буын өкілдерінің ізін өкшелеп келе жатқан жас ақындарда тыс қалма…

0
0
1279

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 04 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері №24 «Солнышко» бөбекжайының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
257

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 04 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері №10 «Балапан» бөбекжайының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
318

«Парасыз болашаққа. Бірге!» науқаны аясында мобильді топ Астана қаласының әлеуметтік сақтандыру саласының мамандарымен және оның аймақтық ведомстволық бағынысты ұйымдарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша онлайн-режимде кездесу

170-тен астам адамды қамтыған кездесуде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева, "Нұр Отан"партиясының партиялық бақылау инспекторы Серік Көлбаев. 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңның ерекшеліктері түсіндірілді. Қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

0
0
366

ҰБТ-2017 қорытындысы туралы

20-27 маусым аралығында орта мектеп бітірген 92 827 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) тапсырды.Ең жоғары балды (140-тан 139 балл) Алматы қаласындағы “М.Мақатаев атындағы №140 гимназия” КММ түлегі Тасан Саят Елтайұлы жинады. Жеті бала 138 балдан жинады. 74 517 мектеп бітіруші шекті 50 балды жинады: - 5 935 адам 60-65 балл алды (7,9%); - 52 717 адам — 66-119 балл (70,7%); - 5 064 адам — 120-139 балл (6,8%). 14 066 түлек бұл межеден өте алмады. Мұндай ауқымды шара тәжірибелі ұйымдастырушылардың жұмылуы арқасында өтті деуге болады, ұйымдастырушылардың алдындағы маңызды да күрделі міндет ҰБТ-ға қатысатын түлектер мен оқытушыларға барлық жағдайды жасау болатын. Тест тапсыру үшін бүкіл ел көлемінде 165 тест өткізетін арнайы орын бекітіліп, олар заманауи құрал-жабдықпен жасақталды. Мұндай тест…

0
0
1160

Өткен күндер бейнесі

Ұстаздардың тамыз кеңесі өтетін күн жақындаған сайын тұла бойымда қорқыныш пен жасқаншақтық деген жаман әдет пайда болғанда өзіме сауал қойып, «Неге қорқасың, жұрттың алдында ант беретін жалғыз сен бе? Өзіңдей бірнеше жастар болады емес пе! Қарашы әне, Ғазизды керісінше ол іштей қуанып, ұстаздар конференциясының тезірек болуын армандап, мектепке жолдама алып, сабақ беруді тағатсыздана күтіп жүр. Ал, сен болсаң оқытушы болмай жатып, көпшіліктің алдына шығуға әлден ат-тоныңды ала қашқың келеді. Егер бойыңды билеген батылсыздық пен жалтақтықтан арылмасаң жақсы ұстаз болам деп ойлама», - деген ойлардың тереңіне батып, өзімді жігерлендіріп қойдым. Сөйтіп, қолыма халыққа білім беру бөлімінің бізге жауапты әдіскері сала құлаш жазып берген антты жаттауға кірісіп кеттім. Артынып-тартынып күткен мұ…

0
0
578

10 қадам жобасын орындау аясында

2017 жылдың 01 шілдеде Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы, Департамент басшысы Б. Исақовтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының қатысуымен БҚО Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының емтихан қабылдау бөлімінің жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет жұмысына бақылау жүргізілді. Департамент басшысымен БҚО Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының емтихан қабылдау бөлімінде азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобымен халыққа қызмет көрсету орталығында да азаматтарды қабылдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелерімен қоғамдағы сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары және азаматтарға құқықтық кө…

0
0
386

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 01 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері №37 «Жұлдыз-ай» бөбекжайының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

0
0
270

Мемлекеттік тіл – мерейім

Тілді өркендету - баршаның ісі. Тіл - тек қарым – қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры. Бұл ретте біздің мемлекетіміздің тілге деген жанашырлығы басым. Елбасы жыл сайынғы халыққа жолдауында да басым бағыттарының бірі – мемлекеттік тілді жан – жақты дамытуға бысты назарда ұстап келеді. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері төл тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Қазіргі таңда өнер, әд…

0
0
630