Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 17 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталығы» МКК ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Кездесу шеңберінде мобильдік топ мүшелері орталықтың қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.
2017 жылғы 4 тамызда Михайловский ауылдық округі «Адал жол –Честный путь» марафоны эстафетасын қабылдады: мемлекеттік қызметкерлердің, округ мекемелері өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиналыс өтті.
Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында Бұлақсай ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты Жоқ дейміз!» тақырыбында жиылыс өтті.