Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Петропавлда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 15 тамызда орын алған кездесуде қатысушылар мәдениет және спорт саласындағы жемқорлыққа қарсылық таныту мәселелерімен қатар, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының Петропавл қаласы мен Есіл ауданында жүзеге асырылу барысын талқылады.

Жиында облыстық мемлекеттік органдардың жетекшілері, сондай-ақ прокуратура, тексеру комияссиясы және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері өз баяндамаларын жасады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті басшысының орынбасары Елена Степаненко мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг тұрақты түрде жүргізілетіндігін айтты. Олардың ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдаулар, заңнама мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бұзылуы фактілері бойынша арнайы тексерістер.

«Нұр Отан» партиясының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның ұқсастықтары да ерекше атап өтілді.

«Екеуінің де түпкі мақсаты бір, яғни жемқорлықты қоғам өмірінен барынша жойып, жұртшылықтың бойында оған деген «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру. Осы мақсаттарға бірлесе ғана қол жеткізуге болады», - деді Елена Степаненко, баяндамасын түйіндей келе.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері тарапынан көкейкесті мәселелерге қатысты өзекті сауалдар жолданды. Нәтижесінде, Петропавл қаласы әкімдігі мен мемлекеттік органдарға жемқорлыққа қарсы жұмыс тиімділігін арттыру жөнінде нақты ұсыныстар белгіленген қаулылар қабылданды.

 
0
0
552

Осы тақырып бойынша

Петропавлда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті - Yvision.kz