Ауылдық округтердің тұрғындарына арналған қабылдау
2017 жылдың 11 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мобильдік ХҚКО-мен бірлесе отырып Зеленов ауданының Махамбет ауылдық округінің әкімдігінің ғимаратында азаматтарға қабылдау жүргізді. Қызмет алушылардың ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында азаматтарды қабылдау жүргізу кезінде мемлекеттен көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі құқықтарыңызды білесіз бе атты? шарасы өткізіліп мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары жазылған буклеттер таратылды.
