Мазмұнға өту

Жаңа

Жұмыссыздар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері түсіндірілді

2017 жылдың 18 тамыз   күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтармен кездесу өткізді.

Департаменттің  мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г.Давлетова қатысушыларға   мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай  мемлекеттік әкімшілік қызметке және  құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік қызметке және  құқыққорғау қызметіне алғаш түсуші үміткерлерге  арналған   ақпараттық –түсіндірмелік жадынамалар мен буклеттер таратылды.

0
0
353

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тусіндіру бойынша семинары

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша Департаментінің қызметкерлері Төтенше жағдайлар Департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын тусіндіру бойынша семинарға қатысты. Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Сатанов А.Е. өз баяндамасында Этикалық Кодексінің нормаларымен таныстырып, барлық қатысушыларды кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға шақырды. Баженова И. Е. – Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулеріне, сондай-ақ аталмыш шектеулерді бұзғаны үшін құқықтық салдарына баса назар аударды. Кездесу барысында Департамент қызметкерлері диалогта белсене қатысты. Негізінде барлық сұрақтар сыбайлас жемқорлыққа…

0
0
427

Діни білім мен таным негіздері

Ислам ешқашан дәстүрді, әдет-ғұрыпты толығымен жоққа шығармаған, оларды діннің негізгі принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалаған. Ата-бабамыз сан жылдардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға мәлім. Айталық, діни баспалардың ашылуы, бірқатар діни газет-журналдар, интернет сайттары, телеарна, мектептерде дінтану пәнінің енгізілуі. Алайда дін саласында оң өзгерістермен қатар көлеңкелі жақтары жоқ еместігі де шындық. Осыны дұрыс түсіну үшін адамдардың бойында діни білім мен таным дұрыс қалыптасу керек. Діни білім беру – діни тәжірибе мен тіршілікті реттеп, бағыттап отыратын үдеріс. Ал, ол біздің өткен тарихымызда бірнеше сатылардан өткені белгілі. Сонымен, діни тіршілік тарихы мәселесі ұғыну, оқыту, жору, түсіндіру және өмірде қо…

0
0
1977

«Ғылым ордасындағы» қысқы бақ

Ғылым мен білімнің қайнаған ортасы саналатын, халықаралық басқосулар мен түрлі ғылыми және мәдени іс-шараларға қақпасын айқара ашып, төрін ұсынатын Алматы қаласында «Ғылым ордасы» кәсіп орнына келсеңіз, қарбалас тірліктің лебін сезесіз. Өйткені, бұл мекеме – өркениеттің ордасы, отандық ғылымның өркендеуіне қызмет еткен білімділер мекені. Сырттан келген жанның көзіне бірден түсетін «Қысқы бақ» жоғарғы қабатта жұмыс істейді. Жоспарлы тақырыптағы маңызды шаралар мен кездесулер осы бақтың ішінде өтеді. Негізінде қызметкерлер қарбалас жұмыстан шаршағанда, өсімдіктер әлемін көріп рухани серпіліс жасайды. Кейде тіпті, басқа жақтағы адамдар арнайы сол қысқы бақты көруге келеді. Осы ретте, біз аталған кәсіпорындағы қысқы бақтың күтіміне жауапты флорист-биолог Самыратбаева Қарлығаш Тілешқызымен жүз…

0
0
1711

Тегімізді қазақшалаудан қорықпайық

Кеңес заманында Коммунистік партияның көсемдерінің бірі Анастас Микоян қазақ халқының қаһарманы Бауыржан Момышұлын қабылдайды. Әңгіме барысында Микоян Бауыржанға сұрақ қойыпты: «Осы сенің фамилияң неге «Момышев» емес? « Момышұлын» қайдан тапқансың?» Бауыржан атамыз тайсалмастан: «Сіздің фамилияңыз неге «Микоев» емес? Сондықтан менің фамилиям « Момышұлы»,– деп жауап қайтарыпты. Мүмкін бұл аңыз шығар. Бірақ әр аңыздың негізінде ақиқат жатыр. 1996 жылы Президент Н. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша қазаққа тегін(фамилиясын) ұлттық дәстүрге сай алуға болады делінген. Мен осы сұрақ бойынша Екібастұз ауданының паспорт үстелінің бастығы М. Абжаров мырзаға бардым, аты-жөнімді қазақ әріптерімен «Елтін Амангелді Қайырбайұлы» деп өзгерткім келетінін айттым. Мақсұт мырза мені үгіттеуге к…

0
0
797

Жоңғар

Қазақ-жоңғар қатынастары. Ақиқат пен аңыз. Жаман халық, «сатқын халық» болмайды, жаман идеология болады.Зиянды идеяларға халықтарды сендіріп, адамзатты бөлшектеп, бір-бірімен араздастырып қоятын зұлым тұлғалар болады. Қазақстан Еуропа мен Азияның, ислам мен буддизмнің шектескен, басқа діндермен тоғысқан аймағында орналасқан. Қазақ елі көптеген ұлы империялардың құрамына кірді. Бұл жерлерде талай үлкенді-кішілі соғыстар жүріп өтті. Әлемді жаңғыртқан ұлы тұлғаларымыз: Бумын, Мөде, Атилла (Еділ хан), Томирис, Оғыз хан, сұлтан Бейбарыс, Мұхаммед Хорезмшах, Шыңғыс хан, Әмір Темір, тағы басқалары осы жерлерді билеген. Құбылай хан құрған Юань империясы 1368 жылы ыдырағаннан кейін , түркі- моңғол халықтары бөлініске ұшырады. Біртұтас тіл де бөлшектеніп өзгере бастады. Шығыс бөлік буддизмнің ламаи…

-2
0
9417

Тайынша ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін жетілдіру жөніндегі семинар — кеңес өтті

А.ж. 17 тамызда Тайынша ауданы әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін жетілдіру мәселесі жөніндегі БАҚ өкілдерінің, қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік орган мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Департаменттің бас мамандары Г.Ә. Жусалина және А.А. Ержанова семинар-кеңеске қатысушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасының сақталуын бақылау саласындағы негізгі бағыттары жөнінде ақпараттандырды. Тексеру қорытындысы бойынша Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметіндегі анықталған бұзушылықтар, НҚА мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарт пен реглам…

0
0
467

СҚО Этномәдени бірлестіктері түрлі халықтардың ұлттық киімдерін салыстырды

Петропавл тарихи-өлкетану музейінің активисттері «НұрОтан» партиясының жергілікті мүшелерімен Нұрсұлтан Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзегеасыру шараларын талқылады. Жиын барысында түрлі ұлт өкілдері өз тұрмыстарымен, дәстүрлерімен, ұлттық киімдерімен таныстырды. «Бүгінде біз тек бейбітшілік пен келісім, бірлі, ол бренд екенін жас ұрпаққа ғана емес, Қазақстанның барлық азаматтарына айтамыз және ол қасиеттерді қоғамда жаңа деңгейге шығару керек. «Рухани жангыру» бағдарламасы өз жемістерін беруде. Оның мақсаты - қазақстандық халықтардың бірлігін сақтап қалу үшін, ұлттық коды сақтау. Бұл «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлері», «100 жаңа бейне» деген сияқты жобалар», - деп Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Наил Салимов атап өтті. Облыс…

0
0
1528

«Алау» мұз айдынында Спорт күніне арналған спартакиада өтті

20-тамыз күні «Алау» мұз айдыны сарайы» МКҚК, Қазақша және еркін күрестен спорт шебері, ақын Жеңіс Қашқынов атындағы қормен, «Астана жастары» КММ-мен бірлесе отырып, Спорт күніне арналған үстел теннисі, мини-футболдан спартакиада өткізді. Спартакиада барысында Қазақтың біртуар азаматы Жеңіс Қашқынов еңбектері мен жетістіктері жайындағы көрме қойылды. Спорттық шара салтанатты түрде ашылу рәсімімен басталды. Спартакиадада Қазақстан ұлттық телеарнасының бас редакторы Қайнар Олжай мырзаның бой көрсетуі «Алау» мұз айдыны ұжымы үшін үлкен мәртебе болды. Үстел теннисімен қатар ойын алаңында балалармен әртүрлі сергіту жаттығулары, ойын-сауық бағдарламалары жүргізілді. Жарыстың нәтижелері төмендегідей болды. Ерлер арасында үстел теннисінен: 1-орын иегері – Биятов Ахметбек 2-орын иегері – Қапашов Д…

0
0
1087

Сіз болашақ туралы көп ойлайсыз ба?

➰Соңғы кездері 18-ге келіп қандай дəрежеге жеттім,-деген сұрақ мазалайтын болды. Бұл қарапайым ютуб каналдарын көруден басталды.Күннен-күнге жаңа бір мотивация түрін іздеуге талпынысымды байқадым.Бірақ естіген дүниені іспен көрсетпегендіктен,бірте-бірте жүрегінде жалын болып жанып тұрған мотивацияда өшеді екен.Бірақ жетістікке апарар жол,-деп түсінгендерім бұл мыналар: ■Ми саналы түрде шешім шығарғанымен оны жүрек қабылдамаса, бастаған іс сапалы орындалмайды.Мəселен, бір университетке түскіңіз келді делік,сонда арманды мақсатқа,мақсатты жоспарға айналдыруға оңайға соғады,себебі ынтамен жасаған жұмыс қана сапалы нəтиже береді.Жүректе ДЕРТ болу қажет, кəдімгідей арманмен ауру керек. Кез келген ауру туындағанда міндетті түрде емдеу жолын қандай жолмен болсын іздестіре бастаймыз.Дəл солай қан…

1
0
1630