Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Діни білім мен таным негіздері

Ислам ешқашан дәстүрді, әдет-ғұрыпты толығымен жоққа шығармаған, оларды діннің негізгі принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалаған. Ата-бабамыз сан жылдардан бері аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізгелі Ислам дінінің қарқынды дамып келе жатқаны баршамызға мәлім. Айталық, діни баспалардың ашылуы, бірқатар діни газет-журналдар, интернет сайттары, телеарна, мектептерде дінтану пәнінің енгізілуі. Алайда дін саласында оң өзгерістермен қатар көлеңкелі жақтары жоқ еместігі де шындық. Осыны дұрыс түсіну үшін адамдардың бойында діни білім мен таным дұрыс қалыптасу керек. Діни білім беру – діни тәжірибе мен тіршілікті реттеп, бағыттап отыратын үдеріс. Ал, ол біздің өткен тарихымызда бірнеше сатылардан өткені белгілі. Сонымен, діни тіршілік тарихы мәселесі ұғыну, оқыту, жору, түсіндіру және өмірде қолдану сияқты біртұтас компоненттерден тұрады.
Ислам ешқашан дәстүрді, әдет-ғұрыпты толығымен жоққа шығармаған, оларды діннің негізгі принциптеріне сәйкестігі тұрғысынан бағалаған. Әдет-ғұрып исламдағы құқықтың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Өткен ғасырдың негізгі идеологиялары, жүйелері, діни-философиялық ағымдары мен ұсынған жолдары арқылы исламның әр түрлі тақырыптарына қатысты көзқарас, пікір, қағида, мәліметтер мен әдістерді үйлестіру, жақындастыру әрекеттері – осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері. Интеллектуалдық ортада тарала бастаған бұл түсінік ХVІІІ ғасырдан қазірге дейін кеңінен тарап отыр.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы, дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің денгейі онша жоғары болмай отырғаны»- деп жазады. Сондықтан, еліміздің тарихы мен мәдениеті және діни білім мен таным негіздерін танып, дұрыс пікір қалыптастыра алғанда ғана ойлаған мақсатымызға қол жеткіземіз.
Сайын ҚҰРБАН
«Жамбыл облыстық еріктілер қозғалысы»
қоғамдық қорының президенті, тарихшы
0
0
1919

Осы тақырып бойынша

Діни білім мен таным негіздері - Yvision.kz