Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сіз болашақ туралы көп ойлайсыз ба?

➰Соңғы кездері 18-ге келіп қандай дəрежеге жеттім,-деген сұрақ мазалайтын болды. Бұл қарапайым ютуб каналдарын көруден басталды.Күннен-күнге жаңа бір мотивация түрін іздеуге талпынысымды байқадым.Бірақ естіген дүниені іспен көрсетпегендіктен,бірте-бірте жүрегінде жалын болып жанып тұрған мотивацияда өшеді екен.Бірақ жетістікке апарар жол,-деп  түсінгендерім бұл мыналар:

■Ми саналы түрде шешім шығарғанымен оны жүрек қабылдамаса, бастаған іс сапалы орындалмайды.Мəселен, бір университетке түскіңіз келді делік,сонда арманды мақсатқа,мақсатты жоспарға айналдыруға оңайға соғады,себебі ынтамен жасаған жұмыс қана сапалы нəтиже береді.Жүректе ДЕРТ болу қажет, кəдімгідей арманмен ауру керек. Кез келген ауру туындағанда міндетті түрде емдеу жолын қандай жолмен болсын іздестіре бастаймыз.Дəл солай қаншама жолды өтсеңізде арманға талпыныс,күш-жігер оттай жанып тұру қажет.Сонда ғана жүректің рұқсатымен ми автоматты түрде жұмысты орындап шығады.

■Жалқаулық - адам баласының басты жауы,əрі жеңіске талпынған мықты қарсыласы. Жалқаулықты жеңген адам 1000 шайқасты жеңгенмен тең. Сондықтан өз-өзін басқара алу талант десек те болады. Ойда хаос болып жатқанда ми оның бəрін анализдеп,ретке келтіруге үлгермейді.Сондықтан істелінетін тірлік көп болып көрінеді де,оны бітіре қалмау қорқынышы пайда болады. Ал 5 минут қана жұмыс орындап сосын демаламын,-деп өзінді алдауда кейде дұрыс екен.Себебі іске кіріскен кезде оны аяқтаусыз қалдыра алмай қаласыз.Себебі дəл осы уақыт қызу уақыты.Жалпы адамның концентрациясы əрбір 90 минут сайын жоғарғы фаза төменгі фазамен ауысып отырады.Осы 2 аралықта демалыс жасап отырсаңыз ісіңіз сапалы орындалады.Əрі жалқаулықтан арыласыз.

■Өз-өзіңізді құрметтемесеңіз,сізді ешкім құрметтемейді.Дəлел келтіруге тəжірибем азболғанымен,ғаламтор желісінің айтары көп.Егер өзіңізден тек кемшілікті іздеп,үнемі халықтың көзінше шағымдансаңыз,сізге деген құрмет бірте-бірте азая бастайды.Адам идеал болып туылған жоқ,əрі бола алмайдыда.Бірақ жеке тұлға ретінде 1еу болсын басқалардан ерекшеленетін күшті тұсын көрсете білу керек.Адамға құрмет оның жеткен дəрежесімен бағаланады.Əрі айтылған уəдені орындаса,жақсылыққа жақсылық жасаса сізден артық сыйлы адам болмайды)).

■Адам қолдың жұдырығындай.Ол жұдырығын толығымен жаппау қажет,бұл оның қатыгездігін,əрі сирек адамдармен жақсы болатынын көрсетеді.Ал алақанды толығымен жаюғада болмайды,себебі əрбір айтқан сөзге сене салып,артынан ере салу бұрыс жолға итермелеу мүмкін,тіпті өмір сүруде қиындап кетеді.Сондықтан орташа алақан жұмылып тұру керек,керек кезде қол ұшын беріп,керек кезде бас тартудыда білу керек.Адам баласы осы заңдылықпен жүрсе, қателік жасау деңгейі төмендейтіне кəміл сенімдімін.
■Комфорт зонасынан тыс сыртқа шығуымыз керек.Бұл дегеніміз үйреншікті істеп жүрген стильді өзгертіп,тəуекелге баруды үйрену қажет.Ары қарай дамуымызда осы тəуекелде (мен азарт секілді ойындарды айтып тұрғаным жоқ)Жаңа бизнес бастағыңыз келеді,бірақ бастасаңыз шығынға ұшырап қалу мүмкінмін,-деген қорқынышты ойлар келеді.Ал бұл паразит ой сізді тек шектеп қояды.Сонымен қоса, қандай жағдай болмасын кредиттен аулақ болу керек.Себебі ойыңызды іске асыра алмайсыз,тек бар ойыңыз қарызды өтеуде болады.Босқа депрессияға ұшырап,қайғыға батқанша өзінің адал еңбегімен тапқан көк тиынге не жетсін!

■Қоршаған ортаң жаман болса көшіп кет!Үйде қаншама тəрбие берілседе, ортаң шылым шегіп,бұзақы істермен айналысса қалай болғанымен солардың бірі боласын.Өз ортаңызды өзіңіз жасаңыз,тек жағымды əсер беретін достармен қалуыңызды қадағалаңыз.Себебі болашағыңыздың айнасы осы достарыңызбен қарым-қатынасыңыз.

■Жетістікке жетелейтін басты фактор - ол ата-ананың қолдауы.Сондықтан жоғарғы постта отырыңыз,министр болыңыз,бірақ ата-ана көрсеткен жылулықтың қайтарымын беріңіз.Болашақта қандай танымал болсаңызда əке-шешеңіздің алдында кішірейіп тұруыңыз қажет. Əке-шеше өмірдегі алтын қазына,олар жалғыз,біз ,əрі сіз болмасақ онда оларға кім қамқор болады?!
____Осындай ойлар жетістіктің кілті деп санаймын.

@its_fatima

1
0
1582

Осы тақырып бойынша