Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыссыздар мен жоғары оқу орындарының түлектеріне мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың және құқық қорғау органдарына алғаш түсушілерді іріктеудің кейбір мәселелері түсіндірілді

2017 жылдың 18 тамыз   күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  Орал қаласының жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз азаматтармен кездесу өткізді.

Департаменттің  мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Г.Давлетова қатысушыларға   мемлекеттік қызмет саласындағы Заңнама талаптарына сай  мемлекеттік әкімшілік қызметке және  құқыққорғау қызметіне алғаш түсушілерді іріктеу ерекшелігін нақты түсіндірді.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік әкімшілік қызметке және  құқыққорғау қызметіне алғаш түсуші үміткерлерге  арналған   ақпараттық –түсіндірмелік жадынамалар мен буклеттер таратылды.

   
0
0
313

Осы тақырып бойынша