Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тайынша ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін жетілдіру жөніндегі семинар — кеңес өтті

А.ж. 17 тамызда Тайынша ауданы әкімінің аппаратында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін жетілдіру мәселесі жөніндегі БАҚ өкілдерінің, қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік орган мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Департаменттің бас мамандары Г.Ә. Жусалина және А.А. Ержанова семинар-кеңеске қатысушыларды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасының сақталуын бақылау саласындағы негізгі бағыттары жөнінде ақпараттандырды. Тексеру қорытындысы бойынша Құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметіндегі анықталған бұзушылықтар, НҚА мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарт пен регламенттеріне сәйкес келмеуі, қызметтерді көрсету барысында туындайтын мәселелер талқыға салынды.

Семинар қатысушыларына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы азаматтарды жан-жақты ақпараттандыруға, қызметтердің көрсетілуіне ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі есептердің сапасын жоғарылатуға ұсынылды.

 
0
0
430

Осы тақырып бойынша

Тайынша ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін жетілдіру жөніндегі семинар — кеңес өтті - Yvision.kz