Әдеп жөніндегі кеңес отырысы
2017 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.М. Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті, онда «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысының орынбасары К.Б. Біржікеевке, Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш. Тасылбековаға қатысты тәртіптік іс қаралды, олар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзып, өздерінің әрекеттерімен қоғам тарапынан сын туғызды; «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ-нің басшысы Қ.Н. Бегиловке қатысты тәртіптік іс қаралды, ол өздерінің әрекеттерімен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасады.
Аталмыш отырыста Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Д.С. Баймұсыновтан мерзімнен бұрын тәртіптік жазаны алып тастау жөнінде ұсыныс қаралды.
Қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешімдер қабылдады.
