Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Жастар – Отанға!» жастар саяси лагері

2017 жылдың 28 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері «Жастар – Отанға!» жастар саяси лагерінің қатысушыларымен кезекті кездесуін өткізді.

Кездесу жұмысынаДепартаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Р.Мұратов қатысты.Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы мен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басым бағыттарын түсіндірді.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың тақырып бойынша көкейдегі сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
434

Осы тақырып бойынша

«Жастар – Отанға!» жастар саяси лагері - Yvision.kz