Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 28 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері «Орал обаға қарсы күрес станциясы» РММ ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Шараға Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетіліп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.

 
0
0
268

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың кезекті кездесуі - Yvision.kz