№4 орта мектебі «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясын қабылдайды

А.ж. 12 қыркүйегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелерінің Петропавл қаласының №4 орта мектебінің ұжымымен кездесуді өткізді.
Қатысқандар алдында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша Департаментінің бас маманы А.Е. Сатанов және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы СҚО бойынша Департаментінің инспекторы С.Н. Зайцева сөз айтты.
Баяндаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жөнінде жаңа тәсілдер туралы айтты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының басты ережелерімен таныстырды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және басқа зардаптарын түсіндірумен, өткен жылдың сыбайлас жемқорлық істерінің нақты мысалдарына тоқталды.
Заңды қолдану салалары жөнінде және оның жекелеген ережелері тұралы барлық түскен сұрақтарға аудиторияға толық түсіндірме берілді.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.
