Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті
А.ж. 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Іс-шара барысында «Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі жөнінде жеке және заңды тұлғалар өтініштерін талдау қорытындылары туралы» және «Қорғаныс істер саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы» департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджанов сөйледі, сонымен қатар «Жасырын тұтынушы» тәсілі бойынша өткізілген қоғамдық мониторинг қорытындылары бойынша департаменттің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы Тимур Сапарбекұлы Жәкеев баяндады.
Сонымен бірге, бағыныстағы салада мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы баяндамамен Бурабай ауданы Абылайхан ауылдық округінің әкімі Ғ. Қалмағанбетовтың, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау кимтетінің Еңбекшілдер аудандық аймақтық инспекциясының басшысы Т. Бекмағамбетовтың, Ақмола облысының деңсаулықты сақтау басқармасының басшысы С.Қисықованың және Ақмола облысы бойынша қорғаныс істері департаменті бастығының м.а. Р. Қасымовтың есептері тындалды.
Іс-шара қорытындылары бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
