Ата-аналар қауымы жемқорлыққа қарсы
А.ж. 22 қарашада Көкшетау қаласының №5 «Таңдау» көппрофильді гимназиясында ата-аналар жиналыстары өтті. 2 «в» сыныбы оқушыларымен өткізілген жиналысқа Департаменттің қызметкері С. Беккажанова қатысты. Мектептегі алым-салық көп жылдардан бері өзекті мәселе болып келе жатыр. Заңға қайшы болса да, ата-аналардан ақша жинау орын алуда, және алым сомалары күннен күнге ұлғая түсуде. Ата-аналардан оқулықтарға, күзетке, жөндеуге, тағы басқа көптеген нәрселерге ақша тапсыруды өтінеді. Негізінен ата-аналардың басым бөлігі құпия ережелерге бағынып, мектепке кезекті соманы әкеліп береді. Ата -аналарға осы мәселенің шешімін табу үшін ҚР Білім және ғылым министрінің Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары бекітілгені түсіндірілді.…
А.ж. 17 қарашада Ақмола облысының соттар әкімшісі Ақмола облыстық сотының қызметкерлері мен сот кеңселерінің меңгерушілері арасында семинар өткізілді.