Фармация комитетінің төрағасы, «СК-Фармацияның» басшысы, 5 облыстық басқармалардың жетекшілері ұсталды
"Дәрі дәрмек бағасын реттеу бойынша берген менің тапсырмамнан кейін, фармация комитетінің төрағасы, "СК-Фармацияның" басшысы, 5 облыстық басқармалардың жетекшілері ұсталды"
Назарбаев осылай деді. Негізінен, өзара келісім жасап, бағаны негізсіз аспандатқан лауазым иелері жазадан тыс қалмаулары керек деп жалғастырды сөзін.
Денсаулық сақтау министрі Біртановты қабылдаған Елбасы алға қойған міндеттерді орындау бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ең бастысы, осы саладағы бақылауды күшейту керек. Әсіресе, дәрі- дәрмектерді сатып алу бойынша міндеттемелер барынша өзекті.
Сөз соңында Назарбаев, Біртановқа салаға тікелей жауапты екенін есіне салды.
