Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» атты семинар-тренинг өтті
Бүгін Жоғарғы Сотта «Сот процестері мен құжаттаманы аударудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараға Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жазбек Әбдиев, Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері мен «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсының қатысушылары – аудандық және облыстық соттардың қызметкерлері қатысты. Семинар-тренингті Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі терминолог Шерубай Құрманбайұлы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекші сарапшысы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстандағы ілеспе аудармашылар корпусының негізін қал…
А.ж. 29 қ арашасы күні Ақмола облысының барлық жоғары оқу орындарында, колледждері мен мектептерінде профессорлық-оқытушылық құрамның, мұғалімдердің, студенттер мен мектеп оқушыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірыңғай ақпараттық сағат өтті.