«Мемлекеттік қызметті модернизациялау» тақырыбында интернет-конференция
2017 жылдың 30 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Мирболат Сүйеуұлы Нұртазин мемлекеттік қызметті модернизациялау мәселесі жөнінде интернет-конференциясын өткізді.
Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO» парақшасында өткізілді.
Желі қолданушыларынан көбінесе мемлекеттік қызметке түсу, тестілеуге тіркелу және конкурс процедураларына сарапшылардың қатысуы мәселелері бойынша сұрақтар келіп түсті.
