Мазмұнға өту

Жаңа

Сен қайда жүрсің?

Мені осынша сағындырып,

Жүрегімді лаулатып, жалын қылып.

Мен сені іздеп жүрмін

Шығар-ау деп жарқ етіп, түзден бір күн,

Мазасыздық жайлаған жанымды ұғып.

Жинап жүрмін жүрекке ашу, ыза.

Кеудемде қамалған үн, шаттығым мен пәк күлкім, ән – арманым.

Басқаларға айта алмас сырымды мен

Ішімдегі бүгіп жүрем –

ақтаруға тек қана саған бәрін.

Жанымды жайып салам,

Көмілмей жасқа, мұңға,

Орап сені сағыныш – ақ сағымға.

Қымсынбаймын, бар әлем қарап қалса

Сені ұйықтатып алдымда таң атқанша

Отырамын көз ілмей бас жағыңда.

Арпалысқан сәтте сол

сағыныш, наз, қимастық, арман, үміт

Әттең атып қалады-ау таң да күліп…

Әлде әйнектен қызғанып Ай қарай ма,

Ол да сені нұрымен аймалай ма?

0
0
449

Қазақ тілі

Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін, не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

0
0
546

Асанәлі Әшімов пен Бибігүл Төлегенова Тұңғыш Президент стипендиясын алды

75 әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия тағайындалды. Олардың арасында Асанәлі Әшімов, Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Досанов, Бибігүл Төлегенова және басқалар сияқты өнер шеберлері бар. Сондай-ақ, жас таланттарға да мемлекеттік қолдау көрсетілді, олардың ішінде Медет Шотабаев, Ирина Тен, Жамбыл Дүйсенов, Әділ Ахметов және басқалар бар.Әбдіқалықова Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясының өкілдері Елбасының халыққа «Төртінші индустриалды революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» және еліміздің мәдениеті мен өнерін одан әрі дамыту міндеттерін іске асыруға елеулі үлес қосатынына сенімін білдірді.Айта кету керек, стипендиялар жыл сайын Қазақстанның мәдениетінің құрылуына, сақталуына және дамуына қосқан үлесі үшін құрметті атақтар мен мемлекеттік наградалармен марапа…

1
0
650

Алматыда аяз әлі бір ай жалғасады

Синоптиктер Алматыдағы ағымдағы апта ең аязды болатынын болжайды. Термометрлер -36 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Алматы филиалының болжау бөлімінің бастығы Светлана Аманқұлова мәлімдеді.«Алматыда және Алматы облысында жұмадан жексенбіге дейін суық ауа райы сақталады: түнде -20 -25, кей жерлерде -31 -36, күндіз -18-23 градус. Дүйсенбіде аяздың әлсіреуі басталады. Температура 3-5 градусқа дейін көтеріледі, ал келесі аптаның ортасында ауа температурасы түнде -10, ал күндіз - 5-тен 10-ға дейін көтеріледі», - деді Аманқұлова.Алайда, Алматыдағы ауа температурасы -20 ақпанның екінші онкүндігіне дейін созылады, бірақ осы айдың аяғында жылырақ болады. Осы уақытта термометрлер -2 -10-ды көрсетеді.Сонымен қатар, «Қазгидрометтің» синоптиктері ауа райының әртүрлі деңгейіне қа…

0
0
357

Күніне бір темекіден келетін зиян анықталды

Лондон Университеттік колледжінің ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруларының және инсульттің қауіпін 50 пайызға арттыру үшін күніне бір шылым шегу жеткілікті екенін анықтады. Бұл туралы The BMJ журналында жарияланған мақалада хабарланған.Зерттеушілер зиянды әдеттердің денсаулыққа әсері туралы 140-тан астам ғылыми мақалалардың нәтижелерін талдады. Шылым шегетіндердің санын күніне 20-дан 1-данаға дейін азайтқандар өмірге қауіпті ауруларды дамытудың ықтималдығын тек 50 пайызға қысқартты. Коронарлық жүрек ауруларының қаупі темекі тартпағандармен салыстырғанда 48 пайызды құрады. Сонымен қатар, күніне бір темекі шегетіндерде онкологиялық ауру туу ықтималдығы 95 пайызға азаяды.Сарапшылар әйелдер үшін ауру туындау қатері жоғары екенін ескертеді. Күніне 20 темекі шегетін жүзден астам әйелдің ішінде…

0
0
327

Қазақстан үздік мемлекеттер тізімінде 70-ші орынға ие болды

U.S. News & World Report журналы нұсқасы бойынша, Қазақстан әлемдегі ең үздік елдер рейтингінде 70-ші орынға ие болды.80 ел бағаланды. Үздіктер тоғыз критерийге сәйкес таңдалды: туризм, мәдениет, тарихи мұра, саяси салмақ, бизнеске ашықтық, кәсіпкерлік, халықтың жалпы өмір сүру деңгейі, экономиканың өсу қарқыны және өмір сүру сапасы.Нәтижесінде Швейцария барлық параметрлер бойынша бірінші орынды иеленді.Канада, Германия, Ұлыбритания және Жапония елдері үздік бестікке енді.Рейтингті ұйымдастырушы Құрама Штаттар тек жетінші орынды иеленді.Әлемдік аренада қарқынды дамып жатқан Қытай 20-шы орынды иеленді.ТМД елдеріндегі көршілеріміз келесі орындарға ие болды: Ресей - 26, Украина - 69, Беларусь - 72.Қазақстан Гана, Оман, Пәкістан және Ливанның алдын орап 70-ші орынға ие болды.Алжир рейтингті т…

0
0
404

Жастарға арнау

Ах,шіркін,қайран дүние-ай!Сұм заман,зар заман,ақырзаман,келді міне халайық,Ұлттық тіліміз,дәстүр-байлығымыз,кетті міне құрдымға,Өзімшілдік,тәкәппарлық,менмендік,Тойымсыздық,ар намыстың жоқтығы,Жеткізді елді дағдарыстық жағдайға...Жалған дүние-ай!Ақша үшін арын сатып,халқын сатар көбейді,Екіжүзді,арам ойлы,ойында дым жоқ,Басыңда ми жоқ,бұл қоғамның бейнесі!Кезек келді,енді міне,Ойы жүйрік,ақылы озық,Жан-жақты біздің жастарға!Қазақ ұлттың алға сүйреп, Танытатын баршағаСен де қалма,Ертеңді ойла,Босқа жүрмей,Ойыңды білдір,Елді күлдір,ойландыр,Талаптанып ниет қыл.Ел жұмылып,Біріксе егер бүгінде,Ойды ашық,бұлтартқысыз айтсақ егерде,Осы кездең,осы сәттен,Ел санасы ойы,парқы,ниеті,Егер түссе бір жерден,Алынбайтың,қол жетпейтің,Асу қалмас әлемде! Ps:Елдің болашағыңа көбірек көңіл бөлейік,тілімізді…

4
0
2642

Қытайға алғаш барғанымда, сапарымызды Сиан шаһарынан бастаған едім.

Қазақ студенттері жөн сілтеп жіберді – біздің ақшамен 4 мың теңге берсең, ішінде 24 сағат жүруге, жатуға, әрине, жуынуға болатын монша бар деді. Бардық, рас екен. Құдай-ау, әлгі монша дегенің бес қабаттық рахат: бес жүз адам еркін жүзер бассейн, хаммамның пәлен, душтың түген түрі, тегін тіс щеткасы пастасымен, қырыну станогы да тегін... Әбден жуынып алған соң жайлы төсектің бірінде ұйқыға басасың. Осы рахат пен ұйқының арасында қауашағыма мынадай арам ой келген еді. «Қытай десе көз алдымызға үстінен жағымсыз иіс мүңкіп тұратын, жиі қақырынатын, қатты сөйлейтін, лас, нас адам келеді. Әй, дәу де болса, өкіметі халқының осындай қалтарыс жағын біледі-ау. Сол үшін ұялады-ау. Сөйтіп қалыптасып қалған қасаң мінезін арзан әрі әдемі моншалар арқылы тазартып жатыр-ау. Әйтпесе, мынау монша по-любас…

0
0
296

Айтайын дегенім...

Сонда түсінгенім, маған Түменнің "Союз", Мурманскі және Дағыстан командаларының әзіл тұрпаттары ұнайды екен. Камызяки әу бастан. Әзілді құрау әдістері тамаша ғой, иттің ғана балалары-ай)

Бізде бұл жағынан "Жайдарманның" "Сағызын" мойындаймын. Осы тұрғыда Ақтаудағы айтыскер Нұрлан Мұсаев айтты деген қағытпаларға құлаймын. Болмаса, Қызылордада тұратын Мамыр мен Ақылбай секілді ағалардың әңгімелерін сағынамын.

Айтайын дегенім, осы арабтың шейхтары Ким Кардашьянмен шай ішу үшін 1 миллион доллар төлепті, Кристен Стюартпен 15 минут кездесу үшін 500 мың доллар төлепті дегенді жиі оқығанмын. Менде сондай байлық болса, Қызылордадағы Ақылбай ағаны чартермен алдырып, қаламақысын беріп қойып, екі - үш түн сөйлетіп, бар әңгімесін жаздырып алар едім, әттең...

Ақпарат көзі

0
0
407