Қытайға алғаш барғанымда, сапарымызды Сиан шаһарынан бастаған едім.
Қазақ студенттері жөн сілтеп жіберді – біздің ақшамен 4 мың теңге берсең, ішінде 24 сағат жүруге, жатуға, әрине, жуынуға болатын монша бар деді.
Бардық, рас екен. Құдай-ау, әлгі монша дегенің бес қабаттық рахат: бес жүз адам еркін жүзер бассейн, хаммамның пәлен, душтың түген түрі, тегін тіс щеткасы пастасымен, қырыну станогы да тегін... Әбден жуынып алған соң жайлы төсектің бірінде ұйқыға басасың. Осы рахат пен ұйқының арасында қауашағыма мынадай арам ой келген еді.
«Қытай десе көз алдымызға үстінен жағымсыз иіс мүңкіп тұратын, жиі қақырынатын, қатты сөйлейтін, лас, нас адам келеді. Әй, дәу де болса, өкіметі халқының осындай қалтарыс жағын біледі-ау. Сол үшін ұялады-ау. Сөйтіп қалыптасып қалған қасаң мінезін арзан әрі әдемі моншалар арқылы тазартып жатыр-ау. Әйтпесе, мынау монша по-любас 4 мың теңге тұрмайды... Қалған жағын өкімет дотациямен сауна иелеріне көмек беріп отыр-ау. Әй, Қытай, мәләдес».
Шын ғой, көпірдің астында жатқан қаңғыбастың өзі тамағынан сәл артылса, моншаға барып жататындай қолжетімді қып қойған. Сол қаңғыбасың моншаға келіп екі ай түнесінші, жуынуға деген әдет қалыптасады, қара да тұр, маған емес, оған. Одан кейін кез-келген қазақтың қызы жиіркенбей тиетіндей қолтық жүні қырылған, тап-таза қытайға айналады. Әй, Қытай, мәләдес. Бұл менің арам ойым, шын жағдай бұдан әлдеқайда прозаичный болуы мүмкін)
Қазақтың бойындағы қандай теріс қасиеттерді, фуу, қасиеті несі, қылықтарды осы секілді тәсілдермен жойса болады? Той жасау, өлген адамның жетісін беру? Кредит алу? Торттың бағасын белгілеу?)
Ақпарат көзі
