Мазмұнға өту
Обложка сообщества QazAgym

Сен қайтесің?

Сен қайтесің жаныңды мұң басқанда?

Өз-өзіңмен оңаша сырласқанда?

Ақтарылғым келеді барып менің,

Өгейсінген өзімдей мұңдастарға.

***

Сен нетесің сондай бір сәттеріңде?

Мұңның шаңы іліксе пәк көңілге?

Қараймын да отырам ондайда мен,

Қалам ізі түспеген дәптеріме.

***

Жалғаның да қалады,

Арманым да,

Не боп жатыр білмеймін жан-жағымда.

Басқа жүрек соға ма, түсінбеймін,

Бар жүректің мендегі ар жағында.

***

Мұңайғым да келмейді, қуанғым да,

Тасыдым ба, білмеймін суалдым ба?!

Көктедім бе, білмеймін қуардым ба?!

Сұрақ белгі әйтеуір тұр алдымда.

***

Мұң да қалып жайына,

Жыр да қалып,

Отырамын қаламды қынға малып.

...Кезіп кеткім келеді кең өлкені,

Кер бестісін біреудің ұрлап алып.

7
2
2998

Осы тақырып бойынша