Мазмұнға өту

Жаңа

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі

2019 жылы 13 наурызда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет алушыларымен кездесу өткізді, кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметтер және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі туралы түсіндірілді. Қызмет алушыларға олардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлау және өзге де ақпарат алу үшін телефон нөмірлері бар визиткалары берілді. Қатысушыларға…

0
0
287

Мүгедектігі бар балаларды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту туралы

Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасы бойынша, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектерді бала жасынан күтуге арналған мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 30%-ға арттырылатын болады.

Нәтижесінде біздің облыстың 3 мың азаматы үшін жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін ұлғайтылатын болады.

0
0
295

Сары-арқам, қалайсың ба келгенімді...

Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – "17 мгновений весны" Айбек Бекбосынов ДомбыраБейнематериал авторы – SkyViewKzӨңдеген – Бақытжан БекмұхаммедұлыБауыржан БекмұхаммедұлыВконтакте – https://vk.com/public56982889 Инстаграмм – aikosmuzСары-арқам, қалайсың ба келгенімді,Ондай болса, аш маған, есігіңді.Бала шағым, алтын уақыт күндері,Бір өзіңде жастығымның, көк белі.Желдерің бе білмеймін, қатты соққан,Жусан шөппе исіне, ғашық қылған.Қарқаралы, Бурабай тауларынан,Айналайын, үміт беріп ұшырған.Бұлағы едім жерімнің, туып өскен,Көңіл таза, ой таза, бала арман мен.Енді оралдым өзенге, толқын көрген,Ақ пен қара аралас, ағынымен.Бір аунағым келеді, шөбіңді иіскеп,Дайындай бер гүліңнен, маған төсек.Тамаша ғой, туған жермен кездессек,Жеке қалып, бір мезгіл, күбірлесек.Жазылмаған сырым бар, ақ…

1
0
461

Қазіргі Қазақстандағы дін мәселесі. Жастардың діндарлығы: сән немесе сенім?

Дін - саналы адам пайда болған уақыттан бері адамзатпен жасасып келе жатқан рухани құндылық. ХХ ғасырда дінге қарсы кеңестік идеологияның салдарынан қазақ халқының санасындағы имандылықтың жойылып кетуге шақ қалғаны белгілі. Тәуелсіздіктің бір жеңісі ол халықтың өзінің рухани қайнар бұлақтарына оралуға мүмкіндік алуы деп санаймын. Алайда бірнеше ұрпақ ауысып үлгерген бұл кезеңнің адамдарының санасын өзгерту оңай іс емес. Әркім өзі таңдау жасап, қандай бағыттағы дінді ұстануы, ар-ождан бостандығы, біздің Конституциямызға сәйкес әрбір адамның жүрек қалауына байланысты. Алайда Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін мемлекеттік саясатта дін маңызды орын алуы тиіс деп санаймын. Ресми статистикаға сүйенсек, республикадағы жастардың 14-29 жас аралығындағы үле…

0
0
6515

Что такое "Көрісу" и с чем его едят?

Көрісу – это древний традиционный праздник тюрко-монгольских народов. По непонятным и по сей день таинственным причинам, праздник сохранился только на территории бывшего Младшего джуза (Младшего ханства) в Западной части Казахстана. "Көрісу айт" или "Амал", что в переводе означает "свидеться" или же "встреча", празднуется ежегодно с 14 марта. Ведь именно с этого дня казахский народ считал этот день началом нового года. Көрісу отмечают ещё с древних времен, когда казахский народ занимался скотоводством и ровно за неделю до начала весеннего равноденствия подсчитывал свой скот, радовался окончанию промозглой зимы и готовился к празднованию Наурыз. Как уже говорилось выше, сей обычай сохранился только в западных регионах страны, а именно в Западно-Казахстанской, Атырауской, Мангыстауской и ча…

«ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық Заңының нормаларын түсіндіру бойынша семинары

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 2019 жылдың 11 және 12 наурызында Ақмола облысының Жақсы және Атбасар аудандарында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңының нормаларының өзгеруін түсіндіру бойынша оқыту семинарлары өткізілді. Іс-шараға ауылдық округ әкімдері, Жарқайың, Есіл, Сандықтау және Зеренді аудандарының мемлекеттік мекемелерінің, органдарының, білім беру, мәдениет ұйымдарының өкілдері мен мамандары шақырылды.Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Б.С.Зулкарнаева семинар өткізу мақсатында қатысушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының нысандарына, өлшемдеріне, дайындалуына, пайдаланылуына және қолданылуына қойылатын талаптар қойылатын қол…

0
0
730

Маңғыстау өңірі бойынша мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ФБШ-ның 8 оң әсері

Ал осы 5 институционалдық реформаның бiрi - кәсiби мемлекеттiк аппаратты құруға бағытталған. Ауқымды жобалар мен әлеуметтiк маңызы бар бағдарламаларды тиiмдi жүзеге асыруда мемлекеттік қызметшілерге сенім артылды. Елімізде кәсіби мемелекеттік аппаратты құру бағытындағы жұмыстар қарқын алу үшін, мемлекет бар жағдайды жасады. Соның бірі мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік мәселелеріне көңіл аудару, әсіресе айлық жалақыны 2,5 есеге көбейгендігін айтуға болады. Мәселен, Маңғыстау өңіріндегі еңбек нарығында мемлекеттік қызметтің бәсекелестік қабілеті артып, жеке сектордан мемлекеттік қызметке орналасқандар саны 7 есеге көбейді. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Нәтижесінде Маңғыстау әкімдігінде бос орындар едәуір азайды, 2017 жылдың қорытындысымен штат санының 11,8%-ын құраса, 2018 жыл қорыт…

0
0
878

Мүгедектігі туралы құжаттардың телнұсқаларын қайдан және қалай алуға болады?

Мүгедектігі туралы анықтама, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды жоғалған немесе бүлінген кезде мүгедек немесе оның заңды өкілі мүгедектікті растау туралы жазбаша ақпарат алу үшін өзінің тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдарына жүгінуге құқылы.

Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі және флеш жинақтағышта электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс.

0
0
330

8 наурыз мерекесімен құттықтау

2019 жылы 7 наурызда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің ер адамдары әйелдер қауымын келе жатқан жарқын, жылы және көктемгі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

«Департамент қызметкерлерінің басым бөлігі - әйелдер. Олар әр түрлі учаскелерде еңбек етеді, өз кәсіптерінің күрделілігі мен жауапкершілігінен ерлерден кем түспейді. Бірақ ең кереметі - олар тек толық беріліспен жұмыс істеуге ғана емес, сонымен қатар өз уақытын, күшін отбасы мен үйге қолдау мен махаббат сыйлауға үлгереді», - деп Департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков атап өтті.

Ер адамдар ұйымдастырылған спорттық іс-шаралармен, сондай-ақ тәтті тағамдармен құттықтады.

0
0
477

Айтылмаған әлі де, сөздерім бар...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – JB김영준 “Gary moore-still got the blues(solo cover)”

Бейнематериал авторы – skYdream (Алматы, Көк төбе)

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Айтылмаған әлі де, сөздерім бар,

Әндерім бар, шықпаған күйлерім бар.

Сан қырларым, әлі бар ашылмаған,

Көз жасымның сыры бар, айтылмаған.

Берерім бар білемін, әлі алда,

Сыңарымсыз қалдырып, жалғыздықта.

Сынадың ба тағдырым, сонда ғана,

Ойын жазады деп мені, ақ қағазға?

Сен де мендей, шабытым, шаршадың ба,

Менен ұшып асауға, бет алдың ба?

Жарайды енді ренжіме, ашуланба,

Қоржыныңды ашайын, мен халқыма.

1
0
485