Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі

2019 жылы 13 наурызда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет алушыларымен кездесу өткізді, кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметтер және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі туралы түсіндірілді. Қызмет алушыларға олардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлау және өзге де ақпарат алу үшін телефон нөмірлері бар визиткалары берілді. Қатысушыларға департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша анонимді сауалнамадан өту ұсынылды. Жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанады деген қорытынды жасауға болады. Сауалнама барысында №3 МӘС бөлімінің қызметкерлері тарапынан ақша қаражатын бопсалаушылық фактілері анықталған жоқ. Барлық қызмет алушыларға кездесу барысында туындаған мәселелер бойынша жеке кеңес берілді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану құқықтары түсіндірілді. Кездесу соңында қызмет алушылар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мамандарының қызмет сапасына және кәсібилігіне қанағаттанушылығын білдірді.

Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.

«Нұр Отан» ХДП-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық форумында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзінен

мемлекеттік қызметшінің 8 этикалық нормалары

Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс.

Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек. Шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек. Заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет. Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді.

Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.

Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.

0
0
262

Осы тақырып бойынша

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі - Yvision.kz