Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сары-арқам, қалайсың ба келгенімді...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – "17 мгновений весны" Айбек Бекбосынов Домбыра

Бейнематериал авторы – SkyViewKz

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Сары-арқам, қалайсың ба келгенімді,

Ондай болса, аш маған, есігіңді.

Бала шағым, алтын уақыт күндері,

Бір өзіңде жастығымның, көк белі.

Желдерің бе білмеймін, қатты соққан,

Жусан шөппе исіне, ғашық қылған.

Қарқаралы, Бурабай тауларынан,

Айналайын, үміт беріп ұшырған.

Бұлағы едім жерімнің, туып өскен,

Көңіл таза, ой таза, бала арман мен.

Енді оралдым өзенге, толқын көрген,

Ақ пен қара аралас, ағынымен.

Бір аунағым келеді, шөбіңді иіскеп,

Дайындай бер гүліңнен, маған төсек.

Тамаша ғой, туған жермен кездессек,

Жеке қалып, бір мезгіл, күбірлесек.

Жазылмаған сырым бар, ақ қағазға,

Ризамын ғой жеткізген Алматыма.

Өмір өзен, бер жаға, қайығыма,

Мен барайын шақырған, тұғырыма.

1
0
403

Осы тақырып бойынша