Мүгедектігі туралы құжаттардың телнұсқаларын қайдан және қалай алуға болады?
Мүгедектігі туралы анықтама, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама, зардап шеккен қызметкердің көмектің қосымша түрлеріне және күтімге мұқтаждығы туралы қорытынды жоғалған немесе бүлінген кезде мүгедек немесе оның заңды өкілі мүгедектікті растау туралы жазбаша ақпарат алу үшін өзінің тіркелген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалдарына жүгінуге құқылы.
Өтініш берушінің өзімен бірге жеке куәлігі және флеш жинақтағышта электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы тиіс.
