Қазіргі Қазақстандағы дін мәселесі. Жастардың діндарлығы: сән немесе сенім?
Дін - саналы адам пайда болған уақыттан бері адамзатпен жасасып келе жатқан рухани құндылық. ХХ ғасырда дінге қарсы кеңестік идеологияның салдарынан қазақ халқының санасындағы имандылықтың жойылып кетуге шақ қалғаны белгілі. Тәуелсіздіктің бір жеңісі ол халықтың өзінің рухани қайнар бұлақтарына оралуға мүмкіндік алуы деп санаймын. Алайда бірнеше ұрпақ ауысып үлгерген бұл кезеңнің адамдарының санасын өзгерту оңай іс емес. Әркім өзі таңдау жасап, қандай бағыттағы дінді ұстануы, ар-ождан бостандығы, біздің Конституциямызға сәйкес әрбір адамның жүрек қалауына байланысты. Алайда Қазақстан зайырлы мемлекет болғанымен жастарды дұрыс бағытта тәрбиелеу үшін мемлекеттік саясатта дін маңызды орын алуы тиіс деп санаймын. Ресми статистикаға сүйенсек, республикадағы жастардың 14-29 жас аралығындағы үле…