Мүгедектігі бар балаларды күтуді жүзеге асыратын отбасыларға әлеуметтік қолдауды күшейту туралы
Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде берген тапсырмасы бойынша, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларды және 18 жастан асқан бірінші топтағы мүгедектерді бала жасынан күтуге арналған мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері 30%-ға арттырылатын болады.
Нәтижесінде біздің облыстың 3 мың азаматы үшін жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін ұлғайтылатын болады.
