Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақ күлкісінің олимпі»

Сәуір айы бізге күлкі күнімен есігін ашады. Осы мерекенің жалғасы «Қазақ күлкісінің олимпі» атты сатиралық шығармалардың авторы Оспанхан Әубәкіровтің 85 жылдығына арналған қызықты кеш болды. Іс-шараға дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар Оспанхан атамыздың өлеңдеріне ән қосып айтып,өтірік өлеңдерінен үзінділер оқып, «Жабақ туралы әңгімелер»атты шығармасымен танысып, ойын түрінде талдау жасады. Балалар Оспанхан атамыздың 85 жылдығына арнап өз мектептерінің ұранына арналған «Алтынсарин маршын» сыйға тартып, шырқап берді. Оспанхан атамыздың шығармашылығы қызықты тілімен оқушылардың бойларына күлкі мен жылу сыйлады.

https://photos.app.goo.gl/tQW2iLBkPGC9HazZ8

0
0
284

Ғылыми кітапханасы мамандарының қатысуымен семинар

2019 жылға арналған жұмыс жоспары аясында әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова 2019 жылы 10 сәуірде Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың ақпараттық - әдеби бөлімінің сектор меңгерушісі - Алексей Васильевич Олексюк және прозаик ақын - Суслова Александра Ильинична Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Адам рухын дамыту» тақырыбында семинар өткізді. А.В. Олексюк қатысушыларға тек мемлекеттік қызметшілер үшін ғана емес, сонымен қатар олардың отбасы мүшелері үшін оқуға ұсынылған кітаптарды айтып, Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың ақпараттық - әдеби бөлімінің жұмысы туралы презентация көрсетті және барлық қатысушыларды мүмкіндігінше әдеби орталықпен өткізілетін іс-шараларға қатысуға шақырды. А.И. Суслова қатысушыларға оның прозаик жазушысы ретіндегі жолы неден басталғанын, өзінің отбасы, қандай…

0
0
314

Елімізде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жарияланды

5 сәуірде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады.

Конкурстың мақсаты – Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру.

Конкурс екі кезеңнен тұрады.

I кезең – өңірлік (облыстық) деңгей. Конкурсқа құжаттарды қабылдау және оларды тексеру 2019 жылдың 5 мамырына дейін жүргізіледі.

II кезең – республикалық деңгей.

Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы Әдістемелік ұсынымда көрсетілген.

Қосымша ақпаратты 509282, 509446 телефондары арқылы ала аласыз.

0
0
305

Бұтақ жайған ағаш қартаймайды.....

Экологиялық тәрбие –азаматтардың саналық деңгейінің және табиғат ресурстарын сақтау. Тал егу- өте маңызды. Тал- бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретіні де белгілі. Егілген талдар қоршаған ортамызды жақсартатыны сөзсіз. Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы болашақ ұрпақтың табиғат анаға деген ықыласын ояту. Иә, болашақта ең бастысы ауа тазарып, мектеп ауласында балаларға сая болатын ағаштар егу. Жамбыл облысы, Шу аудандық мәслихат хатшысы Ержан Көрікбайұлы Өмірәлиев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Орман, жер ресурстары және фитосанитария» факультет деканы, Жамбыл облысы, Шу ауданының Құрметті азаматы Құрмангүл Төлеутайқызы Абаева, «Гүлстан» Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік ж…

0
0
1510

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік қызметшілердің өз қолдарында

Елбасы Н.Ә. Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметші болуға тиіс негізгі қасиеттерді атап өтті. Бұл-жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезінуі, өз елінің патриоты болуы және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне негізделеді. Және бұл қабылдау әрдайым оң…

0
0
1415

Қостанай қаласы «№1 емхана» МКҚК қызметкерлерімен кеңес

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қостанай қаласы «№1 емхана» МКҚК базасында аутистік спектрі бұзылған балалар арасында мүгедектіктің өсуіне байланысты дәрігерлер семинары өткізілді, кеңес барысында №4 МӘС бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова «Аутизм кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу жемісті, жан-жақты болды. Қатысушылар бүгінгі таңда өзекті сұрақтарға толық жауап алды.

Медициналық ұйымның дәрігерлеріне әлеуметтік қызметтермен, медициналық айғақтар мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, оңалту құралдарын уақтылы қамтамасыз ету мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы анықтау және медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу ұсынылды.

0
0
301

Ақпараттық - түсіндіру жұмысы

2019 жылы 26 наурызда Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О.М. Бабич «Қостанай облысының статистика департаменті» РММ-нің еңбек ұжымына кездесу өткізді. Кездесуге 43 қызметкер қатысты.

Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға құзыретті жауаптар берілді.

0
0
226

Ноутбук таңдауда қандай ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн?

Қазіргі әлемде смартфондармен қатар ноутбуктарға да сұраныс өте жоғары бар. Оның өнімділігінен бөлек мобильділігі де маңызды болып келеді. Екінші жағынан, планшеттер мен смартфондар сияқты девайстар белгілі бір жұмыстарға қолайсыз. Сондықтан осы жағдайда адамдар ноутбук сатып алуға шешім қабылдайды.Соңғы 10 жылда нарықта мыңдаған ноутбук модельдері пайда болып, жоғалып кетті. Әртүрлі өндірушілердің модельдері бір-біріне өте ұқсас, бірақ та маңызды бөлшектері әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір ескі модельдер жаңа ноутбуктардан өнімділік жағынан басым болады. Осы да және басқа да факторлар ноутбукты таңдау кезінде белгілі бір қиындықтар тудырады.Ноутбуктың ең маңызды бөлшектерінің бірі дисплей болып табылады. Сондықтан құрылғыны жоғары сапалы экранмен алуға тырысыңыз. Мәселен, 1200-ден 800 нүкте…

1
0
1327

АӘК алуға 3 мыңнан астам отбасы өтініш берді

Жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша құжаттарды қабылдап жатыр. 1-5 сәуір аралығында 3 мыңнан астам адам құжат тапсырды. Құжаттар бір апта ішінде қаралады. Егер өтініш беруші бұған дейін де атаулы әлеуметтік көмек алса, жаңа үлгідегі көмекті алуға тек жеке құжатын көрсету арқылы өтініш қалдырады. «Егер өтініш беруші бұған дейін АӘК алуға құжаттар тапсырмаса, онда электронды базада ол туралы мәлімет болмайды. Сол себепті де біздің мамандар оның жеке құжатын және басқа да құжаттарын сұрауы мүмкін», – деді жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова. ЖҚО-на АӘК алуға алғаш өтініш берушілердің қаржылық жағдайын тексеру үшін аудандық комиссия барып көреді. «Өтініштерді мекенжай бойынша уақытша тіркеуге тұрып та беруге болады. Бірақ ол адамдар біздің қа…

0
0
723