Елімізде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жарияланды
5 сәуірде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы басталады.
Конкурстың мақсаты – Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру.
Конкурс екі кезеңнен тұрады.
I кезең – өңірлік (облыстық) деңгей. Конкурсқа құжаттарды қабылдау және оларды тексеру 2019 жылдың 5 мамырына дейін жүргізіледі.
II кезең – республикалық деңгей.
Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы Әдістемелік ұсынымда көрсетілген.
Қосымша ақпаратты 509282, 509446 телефондары арқылы ала аласыз.
