Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қостанай қаласы «№1 емхана» МКҚК қызметкерлерімен кеңес

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Қостанай қаласы «№1 емхана» МКҚК базасында аутистік спектрі бұзылған балалар арасында мүгедектіктің өсуіне байланысты дәрігерлер семинары өткізілді, кеңес барысында №4 МӘС бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова «Аутизм кезіндегі медициналық-әлеуметтік сараптама» тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу жемісті, жан-жақты болды. Қатысушылар бүгінгі таңда өзекті сұрақтарға толық жауап алды.

Медициналық ұйымның дәрігерлеріне әлеуметтік қызметтермен, медициналық айғақтар мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып, оңалту құралдарын уақтылы қамтамасыз ету мақсатында ҚР заңнамасына сәйкес уақытылы анықтау және медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу ұсынылды.

0
0
270

Осы тақырып бойынша

Қостанай қаласы «№1 емхана» МКҚК қызметкерлерімен кеңес - Yvision.kz