Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қазақ күлкісінің олимпі»

Сәуір айы бізге күлкі күнімен есігін ашады. Осы мерекенің жалғасы «Қазақ күлкісінің олимпі» атты сатиралық шығармалардың авторы Оспанхан Әубәкіровтің 85 жылдығына арналған қызықты кеш болды. Іс-шараға дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 5-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар Оспанхан атамыздың өлеңдеріне ән қосып айтып,өтірік өлеңдерінен үзінділер оқып, «Жабақ туралы әңгімелер»атты шығармасымен танысып, ойын түрінде талдау жасады. Балалар Оспанхан атамыздың 85 жылдығына арнап өз мектептерінің ұранына арналған «Алтынсарин маршын» сыйға тартып, шырқап берді. Оспанхан атамыздың шығармашылығы қызықты тілімен оқушылардың бойларына күлкі мен жылу сыйлады.

https://photos.app.goo.gl/tQW2iLBkPGC9HazZ8

0
0
248

Осы тақырып бойынша

«Қазақ күлкісінің олимпі» - Yvision.kz