Перейти к содержимому
meiirzhan.yerzhanov

meiirzhan.yerzhanov

Сайтта 2019 ж. 8 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

2

пікірлер

0

тіркелуші

0

жазылымдар

0

Тербетемін мен әлемді!

     Кино саласы көрермендердің дүниетанымы мен белгілі бір зат туралы түсініктің қалыптасуына зор ықпалын тигізетіні бәрімізге мәлім. Сондай-ақ, фильмдер белгілі бір образдарды насихаттап, көрермендердің соған ұмтылуына әсер етеді. ҚР тәуелсіздігінен кейін ұлттық мемлекет құру барысында әйелдерге символикалық рөлдер беріліп, кино арқылы әйел бейнесі насихатталды.   Мысалы, әйел – ана, нәрестені дүниеге алып келуші, өнім беруші (яғни, бала тумаса абыройы төмен), қызды босанса жәбірленуші, ұлды болса мәртебесі жоғары сияқты символдарға ие болатын қоғам өкілі. Қазақ киноларының басым көпшілігі әйелді Ана, Модерн-белсенді әйел, Келін, Жезөкше әйел және интернационалды отбасындағы әйел рөлдерімен көрсетеді. 

     1998 жылы гендерлік теңдікке байланысты көптеген заңдар мен қаулылар қабылданғанымен, әйел отбасы контекстімен ғана шектелді. Мәселен, егер сіз отбасылы әйел болсаңыз, сіз қоғамның легитимді тұлғасы болып есептелесіз; керісінше, сіз отбасысы жоқ әйел болсаңыз, сіздің әйел ретінде құқықтарыңыз қорғалмайтын секілді. Біздің елімізді неопатриархалды мемлекетке жатқызуға болады, себебі заңдарымыз гендерлік тұрғыдан заманауи стандарттарға сәйкес болғанымен, іс жүзінде ерлер мен әйелдерге белгілі бір рөлдерді міндеттеу басым. Әйелдерге қатысты стереотиптер үнемі қазақ кинематографиясы арқылы нығайтылып отырады.

     Қазақ кино индустриясында ана бейнесіне тоқталатын болсақ, тәуелсіздіктен кейін күшті ана немесе Отан-ана иконы ұлт пен отанның аллегориясына айналды. Мысалы, Болат Шариповтың Заманай киносында 1920 – 1940 жылдары сталиндік қуғын-сүргін кезінде кейіпкер-ана қартайғанда немере-ұлының Қытайдан Қазақстанға оралуына септігін тигізді. Демек, Отан-ана иконы еркіндігіміздің нышанына айналды. Ақан Сатаевың Анаға апарар жол картинасында да басты кейіпкер-ана 1930 жылдардағы барлық ауыр қиыншылықтарға қарамастан, шетелге қуғындалған өз ұлын күтіп, Қазақстанда қалады. Сондай-ақ, фильмнің басты кейіпкер-анасы тағдыр тәлкегінде барлық ауыртпашылықты бастан кешірген әйел болып сипатталады. 

     Қазақ киноларындағы ана бейнесінің екінші сипатына «Ана мен Ұл арасындағы байланысты» жатқызуға болады. Жол, Шұға, Студент, Кардиограмма фильмдері басты кейіпкер-ерлерді өмірде жолы болмайтын қорқақ, әлжуаз, ынжық немесе қанішер ретінде бейнелейді. Осылайша, әлсіз ұлдың қалыптасуына анасын кінәлайды. Ең қызықтысы, ана мен қыз арасындағы байланысты көрсететін фильмдер жоқтың қасы.  

     Қазақстан аналарын насихаттайтын кинолардың үшінші сипатында ана «Қасиетті Ана» рөлін атқарады, яғни метафизикалық және мифологиялық қасиеттерге ие болады. Мысалы, елбасының өмірбаянына қатысты фильмдерде анасы Құдайдан жалбарынып, түсінде аян көріп, дүниеге ұлды алып келеді. Алайда, елбасының тұлға болып қалыптасуына анасы мүлдем әсер етпейді және көбінесе әкесі баласына материалдық және моральды қолдау көрсетіп, барынша көмектеседі. Әлемдік масштабтағы саясаткердің тұлға болып жетілуіне анасының еңбегінің баяндалмауы әйелдерді төмендету болып саналатын сияқты. 

     Сонымен қатар, кино саласында «белсенді-модерн әйел» образында ер адамның басымдылығы байқалады. Мысалы, Осторожно, корова киносында басты кейіпкер-әйел депутат болуға ұмтылғанымен, соңында басты кейіпкер-еркектің жәрдемімен жетістікке жетеді. Демек, әйелдерге қатысты қазақ кинематографиясы осындай метафорикалық наррация арқылы біздің қоғамда белсенді әйелдің жоқтығын айқындайды.  

     Қазақ кинематографиясында  «жезөкше әйел» бейнесін сараптайтын болсақ, Данияр Саламатовтың Әкем екеуміз, Рүстем Абдрашевтың Сталинге сыйлық фильмдерінде жезөкше әйел Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдері болып табылады, яғни қазақтар арасында жезөкшенің жоқтығын ұят мәселесімен байланыстырады. Осылайша, кино индустриясы қоғамда қалыптасқан ұят және әйелдерді шектеу тақырыптарын нығайтады. Неліктен жезөкше әйел репрезентациясында басқа ұлт өкілдері ғана бейнеленеді?! Бұл Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің құқықтарын дискриминациялау болып табылмайды ма?!

     Интернационалды отбасын көрсететін фильмдерде (Дала экспресі, Тұздыкөл жағасындағы үй) қазақ қызы өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықса, соңы бақытсыздық пен қайғымен аяқталады; керісінше, қазақ жігіті  өзге ұлт өкіліне үйленсе, бақытты жанұя пайда болып, ұлттық құндылықтар жаңғырады. Осындай фильмдердің астарында қан тазалығы мен намысын қорғау сияқты мәселелер жатыр. Қазақ жігіті мен өзге ұлт қызының арасындағы отбасы құруды мақұлдау мен қазақ қызы мен өзге ұлт жігіті арасындағы қатынасты жек көруді үгіттеу арқылы адамның жеке басының құқықтарын шектемейміз бе? ҚР Конституциясының 3-бабы бойынша, «әр адамның жеке басына қол сұғылмауына құқылы». Құрметті оқырман, осылайша қоғамды тәрбиелеу арқылы біз заңға қарсы келмейміз бе?!

     Қорытындылай келе, біздің киноларда Қазақстан әйелі ана, белсенді-модерн әйел, жезөкше және интернационалды отбасындағы әйел рөлдеріне ие болады. Көптеген фильмдерде әйел екінші дәрежелі рөлдерді сомдайды; басты кейіпкер болғанның өзінде аса маңызды функцияны атқармайды. Сонымен қатар, қазақ киносындағы әйел тәуелді, қоғамдағы қалыпты жағдайларға бағынатын рецессивті қоғам өкілі болып табылады. Қазақ кинематографиясы әйелдің идеалды бейнесін қалыптастырып, азаматтарды белгілі бір модель шеңберінде болуға тәрбиелейді. 2019 жылы жақында Томирис фильмінің қойылуы осыған дейін түсірілген қазақ фильмдеріне қарсы шығудың символикасы сияқты. 

     Осы бір блог арқылы мен адамдарды толеранттық пен либералдыққа шақырамын. Дәстүршілдікті, феминизмді немесе нейтралды арасындағы теңгерімін ұстану – әр адамның өз еркі. Мен үшін гендерлік теңдік еркіндікті білдіреді. Ал сіз үшін ше?! 

     Блогты оқу барысында туындаған сұрақтарыңыз болса немесе сұрақтарға жауап бергіңіз келсе, пікір қалдыруыңызды өтінемін. 

0
0
1529

Ноутбук таңдауда қандай ерекшеліктерге көңіл бөлген жөн?

Қазіргі әлемде смартфондармен қатар ноутбуктарға да сұраныс өте жоғары бар. Оның өнімділігінен бөлек мобильділігі де маңызды болып келеді. Екінші жағынан, планшеттер мен смартфондар сияқты девайстар белгілі бір жұмыстарға қолайсыз. Сондықтан осы жағдайда адамдар ноутбук сатып алуға шешім қабылдайды.

Соңғы 10 жылда нарықта мыңдаған ноутбук модельдері пайда болып, жоғалып кетті. Әртүрлі өндірушілердің модельдері бір-біріне өте ұқсас, бірақ та маңызды бөлшектері әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір ескі модельдер жаңа ноутбуктардан өнімділік жағынан басым болады. Осы да және басқа да факторлар ноутбукты таңдау кезінде белгілі бір қиындықтар тудырады.

Ноутбуктың ең маңызды бөлшектерінің бірі дисплей болып табылады. Сондықтан құрылғыны жоғары сапалы экранмен алуға тырысыңыз. Мәселен, 1200-ден 800 нүкте рұқсаты мәтінмен ғана жұмыс істеуге ыңғайлы, ал бейне редакторлар үшін экранның тұнықтығы 2560х1800 немесе 1920х1080 пиксельден төмен болмауы қажет. Бұл қаріптер мен суреттердің барынша анық болуын қамтамасыз етеді. Жақсы ноутбукте күңгірт экран болуы керек, өйткені жылтыр дисплейлер көзге кедергі келтіруі мүмкін. Енді ең озық технологияларға келетін болсақ IPS экрандары жоғары контраст пен тұнық түстерді қамтамасыз етеди. Сонымен қатар дисплейдің өлшемі де маңызды рөл атқарады. Стандартты диагональ 15,6 дюйм есептеледі, ал шағын ноутбуктар 13,3, 11,6 және 10,1 дюйм диагоналі бар матрицалармен жабдықталған. Ultrabook негізінен диагоналі 13 сантиметрді құрайды, себебі бұл өлшем мобильділік пен пайдаланудың қарапайымдылығы бойынша ең үздік деп танылады. 

Процессор және RAM саны модельді таңдағанда соңғы орын емес. Жақсы процессордың жиілігі 2,0 ГГц-ден жоғары болуы шарт, алайды мұнда да чиптің буыны мен моделіне тауелді екенін атап өту керек. Бұл принцип бойынша ноутбуктың жылы жаңа болған сайын процессордің де өнімділігі жоғары болады. Сонымен қатар, құрылғы неғұрлым қуатты болған сайын, соғұрлым ол энергияны көп қажет етеді. Үздік шешім ретінде соңғы буынның төрт ядролық процессорларын алуға болады . Оперативті жадының ең аз деген көлемі - 4 Гб болуы қажет, ал егер сіз ноутбуктың өзектілігін ұзарту үшін 8 Гбайт көлемінен жоғары сатып алу қажет.

Қатқыл дискіге(HDD) келетін болсақ, мұнда бәрі қарапайым, неғұрлым көлемі көп болса, соғұрлым жақсы. Дегенмен, қатқыл дискінің өлшемі тым жоғары болғаны да дұрыс шешім емес, себебі оның көлемі жоғары болған сайын төзімділігі де төмендей түседі. 1000 ГБ-тан артық қатты дискіні сатып алудың қажеті жоқ, қосымша диск ретінде алынбалы қатқыл диск алғаны жөн. Қазіргі заманғы ноутбуктерде 500 немесе 1000 Гб кейде 250 Гб жадты дискілер жиі кездеседі. Жаңа моделді SSD дискілері жайлы ұмытпаңыз, оның көлемі аз болғанымен, өнімділігі айтарлықтай жоғары. Мәселен, жүйелі дискімен жүйе жүктемесі шамамен үш минутқа созылса, қатқыл дискілерде 10 секундтан артық емес.

Бейне картаға келетін болсақ, оның өнімділігі келесі сиппатамалар бойынша анықталады. Олар чиптің күші, өткізу қабілеттілігі және жадының көлемі. Жақсы бейнекартаның жадының көлемі өткізу қабілеттілігінен 2 есе жоғары болғаны оңтайлы. Мысалы, сыйымдылығы 512 Мбайт болса, өткізу қабілеттілігі кемінде 256 Кб/с болуын талап етеді. Бейнекартаны алмастыруға болмайды, сондықтан осы тарапта дұрыс шешім қабылдаған жөн.

Көптеген адамдар ноутбук таңдауға келгенде біраз қиындықтар туады, сондықтан дұрыс шешім қабылдау үшін жақын достарыңыз бен таныстарыңыздан көмек сұраудан қысылмаңыз. Осы жерде сатушыларға сенім артуға болмайды, себебі олар көп жағдайда жоспардағы сату керек ноутбуктарды сатып алуға кеңес  береді.

1
0
1335