Мазмұнға өту

Жаңа

«Ғашықпын көктемге»

12.04.2019 жылы сағат 14.00. Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында. «Ғашықпын көктемге» атты Нағашыбай Мұқатовтың 70 жасқа толуына байланысты кездесу кеші өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушыларды, жасөспірімдерді жерлес ақын- қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру. Аталған іс - шараға Өмірзақ Сұлтанғазин ат. Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің студентері мен М.Хәкімжанова атындағы № 20 орта мектебінің 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар ақын ағамызға өлеңдерін оқып, қызықты да өзекті сұрақтарын қойды. Ақынның балалық шағы, шығармашылық өсу жолы мен өмір жайлы мәліметпен танысты. Іс шара соңында Нағашыбай Оразбайұлы кітапхана қорына «Жұлдызды адам» «Бекзат аға, Санжар іні» атты жаңа кітаптарын ұсынды. Кездесу кешіне құрметті қонақтар келіп қ…

0
0
374

Ләззат Танысбай «Қазақстан» РТРК» АҚ басшысы болып тағайындалды

Ләззат Мұратқызы Танысбай еңбек жолын осыдан 26 жыл бұрын Ұлттық арнада журналист әрі жүргізуші ретінде бастаған. Ақпарат саласында мол тәжірибесі бар. 2002 жылдан бастап бірнеше жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. «balapan» телеарнасының ашылуына белсенді атсалысты. 2012 жылы «Астана» телеарнасына Бас директор болып тағайындалды және аталған арнаның көрермендерін көбейтіп, абыройын арттырып, ақпарат кеңістігінде биік белеске шығарды. Сонымен қатар, 2018 жылдан бері «NUR Media» холдингін бірге басқарды. «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Ербол МӘНДІБЕК

қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/qogam/lazzat-tanysbai-qazaqstan-rtrk-aq-basshysy-bolyp-tagaiyndaldy-126687

1
0
566

Депутаттарға МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процестері көрсетілді

Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, мүдделі орталық мемлекеттік органдар мен Ұлттық Банктің, «Ауыл» ХДП, «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының, Қазақстан Республикасы қаржыгерлер қауымдастығының, ҚР жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) конфедерациясының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ), Еңбек ресурстарын дамыту орталығының және «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ өкілдері қатысты.Кездесу барысында Парламент Мәжілісі депутаттарына заң жобалары бойынша ұсынылған түзетулер қаралды және осы заң жобалары бойынша енгізілген өзгерістерді ескере отырып, Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйелерінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бизнес-процесте…

0
0
689

«Махаббат – мәңгі дастан»

2019 жылы 11 сәуірде өнер бөлімінде «Махаббат – мәңгі дастан» атты сазды кешімізге «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 1 курс студенттері қатысты. Бұл кездесуде қатысушылар Дудар-ай әнінің шығу тарихымен танысты. Қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін «Дудар-ай» әнін естімеген жан кемде кем. Әннің шығу тарихына терең үңілмесе де, алдыңғы әуенін естіген бойда ыңылдай кеттік. Бірақ бұл әннің авторы Мариям Жагорқызы есімді орыс қызы екенін біреу білсе, біреуі халық әні деп ойлағандары да болды. Осы әннің жалғасы ғып, 15 сәуір – "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" ғашықтар күнінің нышаны екенін айта кетіп,ой бөлістік.Сондай-ақ халық аузында ежелден махаббат сезімін, оның нәзік қылын, пәк махаббатқа жету жолындағы жүректі тербетер сан қилы оқиғаларын мейлі, өз жұртында болсын, мейлі, өзге…

0
0
375

«ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жөнінде

2019 жылдың 11 сәуірде Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Ә.Исақов БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.Брифинг барысында спикер облыстағы мемлекеттік қызметтің кадр жағдайы мен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жөнінде айтып өтті. 2019 жылдың 5 сәуірде «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсы жарияланғандығын айтып өтті.Конкурстың мақсаты – Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың…

0
0
429

Тікелей эфирде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдістері талқыланды

2019 жылдың 10 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

А.С.Жұбаныш тікелей эфир кезінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша Департаментпен атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, ол «Ақжайық-адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» және «Protecting business and Investments» жобаларының негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындады.

0
0
366

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2019 жылы 10 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Г.Ж. Кайрлиева Сарыкөл а. «ХҚКО» басшысының, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалы басшысының қатысуымен Сарыкөл а. ХҚКО қызметкерлері үшін «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Құжаттарды беру тәртібіне, құжаттарды қабылдауда бас тарту себептеріне, қызмет көрсетуде бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды.

Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес ХҚКО мамандарына жауаптар берілді.

0
0
226

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2019 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Ә.А. Сейдәлі «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің № 9 бөбекжай-бақшасы» МКҚК еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге 54 қызметкер қатысты. Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

0
0
302

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2019 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Ә.А. Сейдәлі Қостанай қ. «№11 бөбекжай-бақшасы» МКҚК еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуге 60 қызметкер қатысты.

Кездесу барысында туындаған барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

0
0
279

Біз Қазақстанда не бағып жүрміз? Немесе Қазақстан мектептерінің бағыты қандай?

Бұл күндері Президент кетті, заман ауысты, көше ауысты, қаланың атауы ауысты деп сәл шатасып кеттік. Әйткенмен, халықтың көңіл-күйі ауысқалы қашан. Үнемі, ұдайы болмаса да, арагідік осында жазып тұрамын. Мысалы кейбір мақаланы оқып болған соң, жақсылап моншаға түскің келеді, ал кейбір мақаланы оқып болғанда, чемодан алып безіп кеткің келеді екен, ал кейбір мақала еліміздің ертеңіне алаңдатады мысалы. *********************************************** Білім саласын ұрыспайтын, сынамайтын саналы адам кемде-кем шығар, сірә. Бірақ әлгіндей еңбекті оқығанда, біз сонда ертең кім боламыз деген сұрақ мені мазалауын қоймайды. Мен де бір баланың анасымын, балам мектепке барарда ең жақын туыстарымнан бір кісі бұл баланы орысша оқыту керек деді. Орыс мектебі болса үйге тиіп тұр. Мен оған үзілді-кесілді…

1
0
972