Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік қызметшілердің өз қолдарында
Елбасы Н.Ә. Назарбаев елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметші болуға тиіс негізгі қасиеттерді атап өтті. Бұл-жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық, белсенді өмірлік ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезінуі, өз елінің патриоты болуы және мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Біздің мемлекетіміздің алдында тұрған жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын құру ісіндегі міндеттерді іске асыру көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне негізделеді. Және бұл қабылдау әрдайым оң болғанын қалаймын. Имидждің маңызды функционалдық және мәртебелік мәні бар екенін ескере отырып, ол халықтың оған деген сенім деңгейінің көрсеткіші және қоғамның басқару қызметінің, мемлекет жүргізетін қайта құрулардың тиімділігін бағалау критерийі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшінің позитивті имиджіне қойылатын негізгі ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексінде айқындалған, онда: "мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілік пен моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды".
Біз мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру – сапалы шешімнің күрделі мәселесі екенін жақсы түсінеміз.
Мемлекеттік қызметші келесі этикалық нормаларды басшылыққа алуы тиіс.
1. Ол билік пен өкілеттілігін адал және дұрыс жұмсауы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өзінің қамы үшін емес, мемлекеттің игіліне жұмыс істеуі керек, мемлекеттік қаражатты өзінің қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік “Қалай өмір сүріп жатырсың?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі керек.
4. Заң талаптарымен толық келісіп, өмір сүруі өте маңызды.
5. Кез келген орында, кез келген қызметте, қандай да жағдай болмасын өз елінің халқы мен азаматтарының сенімін жоғалтпай, жұмыс істеу керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділеттіліктің, сыпайылылықтың өнегесі болуы керек, адам арасында өзін ұстай білу керек.
7. Ұжымды басқармай тұрып, өзі бағана білуі керек, өзінің қызметкерлерінен талап ететінін, өзі орындай алуы керек.
8. Егер мемлекеттің мүддесіне зиян тигелі немесе сыбайлас жемқорлық іс-әрекет дайындалып жатқанын байқаған жағдайда, дереу іске араласып, шара қолдану қажет.
Мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне арналған рухани талаптардың бұл тек бөлігі ғана болып келеді.
Біз мемлекеттік қызметке және билікке тек мен белгілеген этикалық ережені қатал түрде орындайтын адамдарды ғана тәрбиелеп, алуымыз керек.
Отанымыздың гүлденуіне барын жасайтындар, еліміздің адал патриоты болып келеді.
Мемлекеттік қызметті көпшілікке тарату үшін «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ ұйымдық-техникалық қамсыздандыру және талдамалық жұмыс бөлімінің жетекші маманы болып табылатын перспективалы жас маман-Тен Мария Алексеевна туралы ролик түсірді.
