Ғылыми кітапханасы мамандарының қатысуымен семинар
2019 жылға арналған жұмыс жоспары аясында әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова 2019 жылы 10 сәуірде Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың ақпараттық - әдеби бөлімінің сектор меңгерушісі - Алексей Васильевич Олексюк және прозаик ақын - Суслова Александра Ильинична Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Адам рухын дамыту» тақырыбында семинар өткізді. А.В. Олексюк қатысушыларға тек мемлекеттік қызметшілер үшін ғана емес, сонымен қатар олардың отбасы мүшелері үшін оқуға ұсынылған кітаптарды айтып, Л.Н.Толстой атындағы кітапхананың ақпараттық - әдеби бөлімінің жұмысы туралы презентация көрсетті және барлық қатысушыларды мүмкіндігінше әдеби орталықпен өткізілетін іс-шараларға қатысуға шақырды. А.И. Суслова қатысушыларға оның прозаик жазушысы ретіндегі жолы неден басталғанын, өзінің отбасы, қандай конкурстардың лауреаты екенін айтып, өз өлеңдерін оқыды, «Прикосновение», «Рябиновый привкус», «С кем поведешься...», «Давай дружить», «Солнце на ресничках» атты жазылған және шығарылған кітаптарын көрсетті. Стихов моих былую стаю я в мир от себя отпускаю… Я к вам с надеждою иду, Букет стихов несу с волненьем. Пусть встреча станет наших дум И наших душ прикосновеньем Бұл кездесулер мемлекеттік қызметшілердің рухани және адамгершілік дамуы үшін қажет, олар ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға оң әсер етеді және өзінің өмірдегі шынайы мақсаты туралы ойлануға мәжбүр етеді.....
