Мазмұнға өту

Жаңа

25 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге ...

25 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша ағымдағы жылғы шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 589 мыңнан астам бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 380,2 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 372 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда. Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news.. -----------------------------------------------------------------По состоянию на 09.00 часов 25 августа принято более 2 млн 592 тыс. уникальных заявлений от граждан на назначение единовременной выплаты из…

0
0
211

Қазақстанда «Oqýshyny qolda» қайырымдылық акциясы жалғасады

Бірінші кезекте, көмек мүгедек балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетілетін болады.ҚР Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, мектеп білімінің онлайн режиміне өтуіне байланысты Қазақстан оқушыларын қажетті техникамен қамтамасыз етуге бағытталған «Oqýshyny qolda» қайырымдылық акциясын бастады.«Барлық отбасыларда үйде балаларды оқыту процесіне қажетті компьютер, ноутбук немесе планшет жоқ. Сондықтан жобаның мақсаты – әрбір оқушы мектепте оқуды жалғастыруға мүмкіндік алуы үшін қажетті техниканы сатып алу үшін қоғам мен бизнес өкілдерін тарту», - дейді «Менің Атамекенім» ҚБ баспасөз хатшысы Табиғат Таңатқанов.Жиналған қаражатқа оқушылардың мақсатты пайд…

0
0
674

Жол қоғамдық бақылауда

2020 жылдың 25 тамызында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен облыстың көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Aqjaiyiq - adaldyq alany» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен Республикалық Орал – Атырау, Орал - Ақтөбе тас жолдарында рейдтік іс-шаралар өткізілді.Оның негізгі мақсаты бекеттерде бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.Рейдтік іс-шаралар барысында 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 1-бөлігімен (Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 7-бөлігімен (Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлер…

1
0
219

Дәрігерлерге жабдық сыйлады

Әлемді жайлаған пандемия ешкімді аяп жатқан жоқ. Шалқығанды да, шылқығанды да, қолында түгі жоқты да елеп ескермейді. Осындай шақта адамзаттың бір сыйпаты байқалады. Ол-қайырымдылық. Қайыр қылғанның Алладан алар сауабы өз алдына, адамнан алар алғысы тіптен бөлек. Қазақ әу бастан қайырыммен күнелткен халық. Жетімін жылатпау, жесірін қаңғытпау деген салт-сананың өзі сол қайырымдылықтың бір пұшпағы. Сол ата дәстүрдің ізімен, жер шарын шарлаған індетті кезде «Nur Otan» партиясы Сарқан аудандық филиалы өкілдері «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында Ақтұма фельдшерлік-акушерлік пунктіне короновирустық инфекцияның таралуын шектейтін медициналық қорғаныс жабдықтары мен медициналық саймандар сыйға тартты. Аталмыш акцияға партия филиалы өкілдерінен бөлек ауданға қарасты Черкасск ауылдық округі,…

0
0
209

«Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі», - дейді Мағжан Жұмабаев

Міне, балалардың шамшырағын жағумен айналысатын саланың тізгінін ұстаған мен үшін елімізде, «Nur Otan» партиясында праймериздің ұйымдастырылуы – уақыт талабы, қоғам талабы. Тәуелсіз еліміздің жолында жасап жатқан еңбегімді жаңа мінберге көтеру үшін мен де праймеризге қатысамын. Бар тәжірибе мен Отанға деген сүйіспеншілігімді ұштастыра келе, аталған іріктеуден сүрінбей өтіп, еліміздегі елеулі өзгерістерге өз үлесімді қосамын деген үміттемін. Біздің мақсатымыз – ел тыныштығы, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, Жастар болашағын жарқын ету! Шынар ШАРИПБАЕВА, Қаратал ауданы, №13 орта мектептің директоры

0
0
518

Праймериз жайы талқыланды

Осы бағытта праймериз механизмін халық арасында түсіндіру жалғасын табуда. Бүгін облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаева skype желісі арқылы кәсіпкерлермен тілдесті. Мұндағы мақсат – елдің экономикалық әлеуетінің өркендеуіне үлесін қосып жүрген кәсіпкерлік саланың өкілдерін елдің саяси өміріне етене араласуын қамсыздандыру.

- Елдің дамуы үшін өзгеріс керек. Ал өзгеріс өзінен-өзі пайда болмайды. Оны тудыратын ісіне мығым, жаңаша көзқарастағы көшбасшылар. Праймериз өткізудің де басты міндеті осы. Білімі мен білігі бар жастарды, әр саланың майталмандарын партияның көшбасшысы ету, - деді Г.Тойлыбаева

Онлайн жүздесуге қатысқан кәсіпкерлер көкейдегі сауалдарын жолдап, көңілге қонымды жауап алды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады

0
0
176

«Мейірімділік жүректен»

Жәрдем беру, қол ұшын созу қазақтың қасиетінде бар. Баба жұрттың дәстүрі «ата көрген ұрпақ» барда жойылмайды. 23-тамызда Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев, «Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаевтың қатысуымен «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына оқу жылына қажетті жабдықтар тарту етілді. Оның ішінде 3 бала акция аясында ноутбук пен оқу құралдарын алды. Ж.Әкебайұлы оқушыларға сәттілік тілеп, елдің болашағын жарқын ететін тұлға болып қалыптасу үшін жақсы білім алып, азаматтық жақсы қасиеттерді бойға жию керегін айтты. Осы шараның өтуіне аудандық мәслихат депутаттары – И.Шамиев, Ж.Бейсембаев, «Ақши дамуы» шаруа қожалығының жетекшісі…

0
0
208

Қағажу көргенге көмек берді

Жуырда Текелі қаласының тұрғыны Ү.Бауыржан «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы ғимаратына келіп, филиал төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаевқа шағымы бар хат жазып қалдырды. Хат иесінің сөзіне сенсек, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Алматы облысы әкімдігі тағайындаған грант негізде оқиды екен. Азаматша 2 курстың емтихандарын тапсыруда қиындықтарға тап болған. Оқытушы студентке оқу үлгірімінің төмендігін алға тартып, емтихан тапсыруға жіберілмейді. Бұл жағдайдан соң Ү.Бауыржан Алматы облыстық әкімшілікке хабарласады, әкімдіктегілер оқуды орта тұстан доғарған жағдайда 2 жыл бойы жұмсалған қаржыны қайтаратынын ескертеді. Шарасыздыққа түскен Текелі қаласының тұрғыны «Nur Otan» партиясына хат жолдайды. Әдетте қалай, Nur Otan» партиясы Алматы облыстық фи…

0
0
211

Қоғам дамуы праймерезден басталады

. Ел бойынша жүзеге асып жатқан тың бастамаға мен де үн қосамын. Қалай дейсіз ғой? Біз өмір сүріп отырған саяси жүйені көлік деп алайық. Сол көліктің жағдайы жақсы, бірақ тетіктері ескірген десек те болады. Уақыт еншісі сол көліктің әр тетігін жаңалауға итермелейді. Жаңаламасақ, жаһандану деген көштің соңында қалмақпыз. Демек, праймериз жаңашылдық қана емес, саяси жүйеміздің ілгері сүйрейтін мықты механизм. Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсынастары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы ұлтжанды азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси ө…

0
0
245