Мазмұнға өту
Обложка сообщества Общество

Қазақстанда «Oqýshyny qolda» қайырымдылық акциясы жалғасады

Бірінші кезекте, көмек мүгедек балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетілетін болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, мектеп білімінің онлайн режиміне өтуіне байланысты Қазақстан оқушыларын қажетті техникамен қамтамасыз етуге бағытталған «Oqýshyny qolda» қайырымдылық акциясын бастады.

«Барлық отбасыларда үйде балаларды оқыту процесіне қажетті компьютер, ноутбук немесе планшет жоқ. Сондықтан жобаның мақсаты – әрбір оқушы мектепте оқуды жалғастыруға мүмкіндік алуы үшін қажетті техниканы сатып алу үшін қоғам мен бизнес өкілдерін тарту», - дейді «Менің Атамекенім» ҚБ баспасөз хатшысы Табиғат Таңатқанов.

Жиналған қаражатқа оқушылардың мақсатты пайдалануы үшін нақты мектептің балансына берілетін қажетті техника сатып алынады.

Т. Таңатқановтың айтуынша, «Менің Атамекенім» ҚБ ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе Қазақстан мектептеріне мониторинг жүргізіп, оқушылардың тегін техника алу кезегін анықтау кезеңінде ескерілетін өлшемталаптарды айқындады. Бірінші кезекте, көмек Қазақстандағы мүгедек балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар қажетті техникамен қамтамасыз етіледі.

«Нәтижесінде барлық критерийлер ескеріліп, алғашқы санаттағы тізім жасалды. Және бизнес өкілдері және қайырымды жандардың көмегімен бұл мәселе шешіледі деп үміттенеміз. Аталған санаттағы оқушыларды техникамен қамтамасыз еткеннен кейін, көмекке мұқтаж өзге де балалардың санаттарына кезек келеді» - сұхбаттасушы атап өтті.

Қажетті техникалық құрылғыларды сатып алуға жұртшылық пен шағын және орта бизнес өкілдерін тарту қажеттілігі ескеріле отырып, күн сайын қайырымдылық жобасының барысы туралы ақпараттар жарияланып тұратын, сондай-ақ балаларға көмек көрсету жолдарын көрсететін www.qoldau.edu.kz сайты іске қосылды.⠀

Алғашқы санаттағы тізім бойынша балаңызға көмек қарастырылған немесе қарастырылмағандығын білгіңіз келсе, www.qoldau.edu.kz сайтында балаңыздың ЖСН нөмірінің соңғы 6 санын теру арқылы тексере аласыз. Тексеру нәтижесі бойынша балаңыз оқитын мектеп, аудан, қала, облыс көрсетілген ақпарат шығатын болса, демек алғашқы санат бойынша көмек қарастырылған және тізім бойынша кезегіңізді күтуіңіз қажет.

Естеріңізге сала кетейік, балаңыздың ЖСН нөмірінің соңғы 6 саны басқа баланікімен сәйкес келуі мүмкін. Сол себепті, тексеру нәтижесі бойынша балаңыз оқитын мекеп тізімде бар екендігіне көз жеткізіңіз, егер болмаса, демек сізге алғашқы санаттағы тізім бойынша көмек қарастырылмаған.

Алайда, тексеру нәтижесі бойынша «Қайырымдылық көмек көрсету бойынша тізімде мұндай жазба табылған жоқ» деп шықса, бірақ Сіздің балаңыз алғашқы санаттағы көмек тізім бойынша көмекке мұқтаж болып табылса, [email protected] электронды поштасына балаңызды осы тізімге қосу туралы өтінім-хат жолдасаңыз болады.

«Менің Атамекенім» ҚБ азаматтарды осы қайырымдылық акцияның серіктесі болуға және қайырымды жандар мен демеушілерді тартуға ат салысуларыңызды сұрайды немесе жоғарыда аталған тізімдегі балаларға тікелей көмек көрсетуге шақырады.

Сіз мектеп оқушыларына қандай көмек көрсете аласыз?

Егер сіз жеке тұлға болсаңыз, кез келген соманы «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің шотына аудара аласыз. Сіздің аударымыңыз туралы ақпарат сайтта көрсетіледі. Ал оқушыларға қажетті техника сатып алынады. Ал, егер де заңды тұлға ретінде көмек көрсетуге ниет білдірсеңіз, келесі реквизиттер арқылы кез-келген сомманы жібере аласыз:

«Менiң Атамекенiм» қоғамдық бірлестігі

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 5.

БСН 180540015308

ЖСК KZ846018821000225901

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ БСК HSBKKZKX Кбе18

Төлемнің мақсаты – «Oqýshyny qolda» акциясы бойынша қайырымдылық көмек». Атқарушы директор: Чинкисбаева Л. А.

Сіздің аударымыңыз туралы ақпарат сайтта көрсетіледі, ал сіз аударған ақшаға қажетті техника сатып алынады.

Егер сіз қажетті техниканы (компьютерлер, ноутбуктер, планшеттер) сатумен айналысатын вендор болсаңыз, біз оны сатып алуға арнайы жеңілдік ұсынатын болсаңыз алғыс айтатын едік.

«Oqỳshyny qolda» акциясы республикалық ауқымда. Егер мектеп оқушыларына көмектескіңіз келсе, бірақ жабдық сатып алуға қаражат бере алмасаңыз, жобаның еріктісі ретінде логистикалық қолдау мен қатысушылардың арасындағы байланыстарға көмектесуіңізге болады.

Біз сондай-ақ мектеп оқушыларына техниканы жеткізу үшін көмек көрсетуге дайын логистикалық компанияларды іздейміз.

Қайырымдылық акция бойынша ақпараттық қолдау көрсетушілерге де тек ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің де көмектеріңіздің арқасында көптеген оқушылар оқуға қажетті техникаға ие бола алады.

Фейсбук парақша: осында Сайт: www.atamekenim.kz

Байланыс: Ұялы телефоннан қоңырау шалу - 1432, 8 (776) 333 77 66 (WhatsApp)

Естеріңізге сала кетейік, «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты шеңберінде іске асырылады.

Біз әлеуметтік желілерде:

Facebook: https://www.facebook.com/amal2020kz/

Instagram: https://www.instagram.com/amal2020kz/

Vkontakte: https://vk.com/amal2020kz

Telegram: https://t.me/amal2020kz

#cisc2020 #qogamgov #amal #amal2020 #amal2020kz #amalkz #amalkazakhstan

0
0
632

Осы тақырып бойынша