Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Мейірімділік жүректен»

Жәрдем беру, қол ұшын созу қазақтың қасиетінде бар. Баба жұрттың дәстүрі «ата көрген ұрпақ» барда жойылмайды. 23-тамызда Іле аудандық партия филиалының мәжіліс залында Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев, «Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаевтың қатысуымен «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына оқу жылына қажетті жабдықтар тарту етілді. Оның ішінде 3 бала акция аясында ноутбук пен оқу құралдарын алды. Ж.Әкебайұлы оқушыларға сәттілік тілеп, елдің болашағын жарқын ететін тұлға болып қалыптасу үшін жақсы білім алып, азаматтық жақсы қасиеттерді бойға жию керегін айтты. Осы шараның өтуіне аудандық мәслихат депутаттары – И.Шамиев, Ж.Бейсембаев, «Ақши дамуы» шаруа қожалығының жетекшісі Т.Омаров демеушілік көмек көрсетті.

0
0
180

Осы тақырып бойынша