Yvision.kz
ru
almatinskaya.nurotan.kz
almatinskaya.nurotan.kz

almatinskaya.nurotan.kz

Сайтта 24 маусым 2020Официальный филиал партии "Nur Otan" в Алматинской области

250

рейтинг

621

жазбалар

0

пікірлер

25

тіркелуші

24

жазылымдар

  • 0
    16:43, 11 желтоқсан 2020

    Қабылдау кестесі График приемов


    2020 жылғы 11 желтоқсаннан 2021 жылғы 08 қаңтар аралығында «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енген кандидаттар, сондай-ақ, партияның сенім білдірген азаматтарды қабылдайды. Қабылдау онлайн-форматта да жүргізіледі. Көрсетілген қабылдау кестесіне сәйкес, жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады.

    1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);

    2. WhatsApp 8 776 825 80 77;

    3. Қалалық номер 8 7282 41 82 21;

    4. Электронды пошта obl.nurotan@mail.ru

    На базе Алматинского областного предвыборного штаба создается общественная приемная штаба, которая функционирует 1 областной, 3 городских, а также в 17 районных филиалов.
    Прием граждан осуществляется доверенными лицами партии и кандидатами с 11 декабря т.г. по 08 января 2021 г.
    Представляем график приема граждан Алматинского областного предвыборного штаба партии «Nur Otan».
    В связи с введением в стране ограничительных мер, направленных на предотвращение распространения коронавируса приемы проводится в онлайн формате. ⠀
    Просим заранее записываться на прием по указанным контактным телефонам

    📲8 (7272) 41 82 21, WhatsApp 8 776 825 80 77, Электронды пошта obl.nurotan@mail.ru

    Blog post image Blog post image Blog post image Blog post image Blog post image Blog post image
    0
    118
    0
  • 0
    11:56, 10 желтоқсан 2020

    «Кедергісіз келешек" - келісті тірлік

    Blog post image

    Міне, осындайда қазақ «Балам – болашағым» дейді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасын жүйелі жүргізіп келеді.

    Blog post image

    Бүгін «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық партия филиалында «Кедергісіз келешек» жобасының жүзеге асу барысын таразыланды. Онлайн жүйеде өткен жиналыста ерекше қажеттілігі бар балаларды біліммен қамту және оларға жағдай жасау тақырыбынан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту, оларды қоғамдық өмірден алшақтатпай, спорттық, мәдени шараларға қатыстыру жайы да таразыланды.

    Айта кететін жайт, партия «Кедергісіз келешек» жобасын 7 жылдан бері жүзеге асырып келеді. Жоба мақсаты - мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартып, «шектеулі» дегенді шектеу болмайтындай қоғам қалыптастыруды жүзеге асыру. Мәселен, пандустардың сәйкестігі. Бұл қоғамда жиі талқыға түсіп, жиі көтерілетін мәселе. Партия мұнан өзге ғимарат, нысандардың мүгедектерге қолайлығы, іс-шаралар арқылы қоғамдық саяси шараларға тарту жұмыстары, заң нормативтік құжаттары арқылы қажетті заңдарға өзгерістер мен ұсыныстар енгізу секілді түрлі бағытта жұмыс істеп келеді.

    0
    129
    0
  • 0
    11:52, 09 желтоқсан 2020

    Қазақ ертеден жетімін жылатпаған халық.

    Blog post image

    Бүгін Алматы облысының барлық аудан, қалаларында жетім балалардың жағдайына арналған онлайн форматта жиындар өткізілді. "Nur Otan" партиясының қоғамдық мониторингі бойынша ата-ана қарауынсыз қалған және толық емес отбасының балаларын баспанамен қамту, қажетті білім беру және жұмысқа орналастыру секілді маңызды мәселелерді қозғады. Әлеуметтік желінің тікелей эфирінде өткен жиында көрермендер әр түрлі сұрақ қойып, соған сай жауап алды.

    Blog post image
    0
    122
    0
  • 0
    13:38, 08 желтоқсан 2020

    ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

    Өз сөзінде ол өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

    Айталық, жергілікті бюджеттен 7 нысанның құрылысына 1 миллиард 216,9 миллион теңге бөлінген. Оның алтауының құрылысы аяқталып, келесі жылы біреуінікі бітпек. Қазіргі уақытта 887,0 миллион теңге игерілді.

    – “Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы аясында 10 нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 3 миллиард 198,8 миллион теңге бөлінді. Бүгігде 1 миллиард 472,2 миллион теңге игерілді. 5 денсаулық сақтау мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Арман Серікұлы. Сонымен қатар «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 2 нысанға 1 миллиард 187,4 миллион теңге жөндеу жүріп жатқанын айтты.

    Жиында жалпы сомасы 8,9 миллиард теңгені құрайтын 11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ, келесі жылы 4 нысанды салу жоспарлануда.

    Blog post image
    0
    188
    0
  • 0
    12:07, 08 желтоқсан 2020

    Ырыс алды - ынтымақ

    Кездесуге аудандық этно-мәдени бірлестіктердің төрайымдары қатысты.

    Blog post image

    Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Қазақстан – бұл ортақ жер, біртұтас халық және ортақ келешек.

    Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Осы орайда этно-мәдени бірлестік жетекшілерімен Тәуелсіз еліміздің жетістіктері туралы сөз қозғалды.

    0
    115
    0
  • 0
    13:37, 07 желтоқсан 2020

    Келісім, татулық, бірлік - біздің негізгі байлығымыз

    Кездесуге қалалық этно-мәдени бірлестіктердің төрайымдары қатысты.

    Blog post image

    Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Қазақстан – бұл ортақ жер, біртұтас халық және ортақ келешек.

    Blog post image

    Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Осы орайда этно-мәдени бірлестік жетекшілерімен Тәуелсіз еліміздің жетістіктері туралы сөз қозғалды.

    0
  • 0
    14:17, 06 желтоқсан 2020

    Жетісулық өнерпаздар қауымының онлайн концерті

    Концерт барлық аудан-қалалық партия филиалдарының ресми аккаунттері арқылы жарияланып, желі оқырмандары «Фейсбук», «Инстаграм» арқылы көруге мүмкіндік алды. Өңіріміздегі түрлі фольклорды-этнографиялық ансамбль ұжымдары, аудандардағы мәдениет саласының әншлері мен шығармашылық қауым өкілдері Абайдың өлеңдері, сонымен қатар, Отан, туған жер тақырыбында әуендерін айтып, желі оқырмандары алғыс пікірлерін білдіріп өтті.

    Blog post image

    https://www.facebook.com/100023182457955/videos/814134782702596/

    https://www.instagram.com/tv/CIcdo1ZH1vr/?igshid=ijjph39c5vmu

    https://www.instagram.com/tv/CIc9bb_gMAC/?igshid=1xao7e5z58hav

    https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1766866016808992&id=100004568326748

    https://www.instagram.com/tv/CIcrzW5BVxr/?igshid=no0afzrb25sf

    https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2888709101405201&id=100007984188433

    0
    125
    0
  • 0
    07:35, 06 желтоқсан 2020

    Прокуратура күнімен!

    Blog post image

    Осы датаға орай күнтізбеде жаңа мереке – Прокуратура органдарының құрылған күні.

    Прокуратура мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, азаматтардың құқығын қорғау мәселелеріне бағытталған. Мемлекет билігі органдары жүйесінде прокуратураның орны қашанда ерекше.

    Прокуратура қызметкерлері өз Конституциялық міндеттерін адал және дұрыс атқаратынына сенім білдіре отырып, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

    Құрметпен, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев

    0
    1377
    0
  • 0
    04:31, 05 желтоқсан 2020

    Жетісулық партияластар челлендж өткізді

    Осының аясында аудан-қалаларымыздағы партия ардагерлерімен белсенділері, бастауыш партия ұйым төрағалары, партия филиалының басшылары, жасотандықтар қолдап, өз ойларын желіде білдірді.

    «1997 жылы еліміздің астанасына айналған Нұр-Сұлтан қаласы көз ілеспес жылдамдықпен салынып, әлемнің озық шаһарларымен иық тіресетін деңгейге жетті. Тәуелсіздікке қол жеткізген қым-қуыт, қиын кезеңде нар тәуекелге бел буып, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру ерлікке пара-пар қадам еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әр нысанның жобасы заман ағымына лайықталып, Қазақстан Республикасының шарайнасына айналардай жобаланды. Бүгінде Нұр-Сұлтан жастар қаласына айналып үлгерді. Елдің түкпір-түкпірінен арман қуып келген, талантты, жігерлі әрі жалынды жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Сол арқылы еліміздің басты білім беру және ғылыми алаңы атанып, инновациялық орталығы ретінде бой түзеп келеді. Мәңгілік Елдің астанасында шаһар шырайын кіргізетін нысандар әлі де салынып, әлем бойынша ең жас, еңселі әрі көрікті қаланың көшін бастай бермек. Елордамыз жайлы өз ойыммен бөлісе келе, "Елорда - елдің бірлігі, Елбасы ерлігі" атты челленджді бастау алып, өңірімізде партияластарға жолдаймын» - деп Жанболат Әкебайұлы атап өтті.

    Шара барлық аудан-қалаларды қамтып, танымал «Facebook», «Instagram» арқылы жарияланды.

    0
    136
    0
  • 0
    13:32, 04 желтоқсан 2020

    Абай 175

    Көрнекті ақын-ағартушының бейнесі тек әдебиет саласында ғана емес, музыка және бейнелеу өнерінде де сақталған.

    Blog post image

    Абай орыс классиктерінің шығармаларын бірінші болып қазақ тіліне аударды. Абайдың көркем әдебиеттің дамуына қосқан елеулі үлесі «Қара сөздері» болды. Бұл мұра жастарды қазақ халқының рухани құндылықтарымен таныстыруда маңызды рөл атқарды.

    Blog post image

    Осы орайда, Жетісулықтар ұлы дананың 175 жылдығына орай 175Абай атты челленджін өткізді.

    Челеннедж аясында бейнетүсірілім арқылы Абайдың дана сөздерін оқып, маңыздылығын атап өтті.

    0
    152
    0