Праймериз жайы талқыланды
Осы бағытта праймериз механизмін халық арасында түсіндіру жалғасын табуда. Бүгін облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаева skype желісі арқылы кәсіпкерлермен тілдесті. Мұндағы мақсат – елдің экономикалық әлеуетінің өркендеуіне үлесін қосып жүрген кәсіпкерлік саланың өкілдерін елдің саяси өміріне етене араласуын қамсыздандыру.
- Елдің дамуы үшін өзгеріс керек. Ал өзгеріс өзінен-өзі пайда болмайды. Оны тудыратын ісіне мығым, жаңаша көзқарастағы көшбасшылар. Праймериз өткізудің де басты міндеті осы. Білімі мен білігі бар жастарды, әр саланың майталмандарын партияның көшбасшысы ету, - деді Г.Тойлыбаева
Онлайн жүздесуге қатысқан кәсіпкерлер көкейдегі сауалдарын жолдап, көңілге қонымды жауап алды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады
