Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жол қоғамдық бақылауда

2020 жылдың 25 тамызында БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен облыстың көліктік бақылау инспекциясымен бірлесіп «Aqjaiyiq - adaldyq alany» жобалық кеңсесі қызметкерлерінің қатысуымен Республикалық Орал – Атырау, Орал - Ақтөбе тас жолдарында рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Оның негізгі мақсаты бекеттерде бақылау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Рейдтік іс-шаралар барысында 2 құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 1-бөлігімен (Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау қағидаларын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 7-бөлігімен (Ірі көлемді автокөлiк құралдарының салмақтық параметрлерден, оның iшiнде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тiркелетiн салмақтық параметрлерден асыра отырып, сол сияқты арнайы рұқсатсыз жүрiп өтуi) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтік шара қорытындысы бойынша 3 автокөлік айыппұл тұрағына қамалды.

Жұртшылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қатысуымен рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі, рейдтік іс-шаралар барысында жұртшылықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама түсіндіріледі, ақпараттық парақшалар таратылады.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

1
0
187

Осы тақырып бойынша