Мазмұнға өту
Amal_project

Amal_project

Сайтта 2020 ж. 5 тамызКазахстан, Астана

Проект «Популяризация благотворительности среди молодежи и детей» реализуется в рамках гранта НАО «Центр поддержки гражданских инициатив»

рейтинг

250

жазбалар

47

пікірлер

0

тіркелуші

7

жазылымдар

0

Қайырымдылыққа арналған жоба аясында 2 млн. астам адам қамтылды

Бұл жоба 2020 жылдың шілде айынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылды.Алғыс сөзден кейін, Арнау» даму орталығының жетекшісі Ұлан Әбішев, жоба мақсаттарына – Қазақстанда қайырымдылық үдерістерін жүйелілеу және стандарттау, адамдарды игі істер жасауға талпындыру, мұқтаж адамдарға бірлесе көмектесу, сонымен бірге, жастар мен қоғам арасында қайырымдылық мәдениетін арттыру – тоқталып өтті.Сонымен қатар, жоба басшысы тыңдаушылар назарын алты ай ішінде жүзеге асырылылған іс-шараларға аударып, оның басты көрсеткіштеріне тоқталып өтті:Екі тілді «Amal2020.kz» сайты және «Amal» мобильдік қосымшасы жасалынды. Онда жоба бойынша барлық өзекті ақпарат, қайырымдылық ұйымдарының мәліметтер…

0
0
265

Айнұр Темірханқызы: «Көмекке мұқтаж балалар өмірінің сапасын жақсартқым келеді»

Айнұр Темірханқызы, «Ниет» қайырымдылық қорының президентіҚорды құрудағы біздің мақсатымыз – көмекке мұқтаж балалар өмірінің сапасын жақсарту. Біз негізі басты 4 категорияны қамтимыз. Олар: мүгедек балалар, жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балалар. Яғни қордың негізгі бағыты осы балалаларға көмектесу десек болады. Өкінішке орай, қазіргі кезде барлық категория бойынша көмек сұраушылар көп. Бірақ ең көп көмек сұрайтындар мүгедек балалар мен аз қамтылған отбасындағы балалардың ата-анасы деуге болады.Біріншіден біз көмек сұраушыларға ақша бермейміз, біздің ұстанымымыз - қаражатпен қолма қол емес көмек көрсету. Яғни біз өзіміздің қайырымдылық бағдарламаларымыз арқылы көмекке мұқтаж балалардың ата-аналарына сертификаттар тапсырамыз. Балалардың базадағы номиналы бойын…

0
0
692

Қайырымдылық мен үшін – міндет

Қайырымдылықпен мектеп кезден айналысып келемін. Университеттегі оқуды аяқтағаннан кейін «Құрмет» қайырымдылық қорының белсенді волонтері болдым. Бұл қор жалғыз басты қарттарға көмектесетін. Тұрмыстық техника әкеліп, үйлерін тазартып, қажетті дәрілер мен азық-түлік заттарын апаратынбыз. Қайырымдылық астарын ұйымдастырып, оларды концерттер мен операға шақыратынбыз.Кейіннен бұл қор жабылып қалды. Бірақ, жұбайыммен әлі күнге дейін қиын жағдайдағы адамдарға көмек көрсетіп келеміз. Сонымен қоса, адамдарда керенаулықты алдын алу мақсатында әрдайым отбасылардың жағдайына қараймыз. Киімдермен қатар, азық-түлікпен де көмектесіп тұрамыз. Қаржылай тек адамдардың еміне немесе кітаптар мен басқа да заттарды сатып алу үшін медреселерге көмектесеміз.Есімде, бір кездері көп балалы отбасылар балаларына шы…

0
0
415

Ғаламшар мен жануарларды сақтай отырып, біз өзімізді сақтаймыз

Менің есімі Алдияр, жасым тоғызда. Нұр-Сұлтан қаласы #72 мектеп-лицейінің төртінші сынып оқушысымын.Кішкентайымнан ғарыш пен ғаламшар қызықтыратын, зымыран құрастырып, адамдарға жаңа үй табуды армандайтынмын. Астрономияны зерттей, мен National Geographic телеарнасында танымдық роликтерді көретінмін. Бір күні Тынық мұхитындағы қоқыстар аралы туралы бағдарламаны көріп қалдым. Сол қоқыстардан жануарлар қырылып жатты.Бағдарлама маған үлкен әсер қалдырды. Басқа ғаламшарларды зерттегенмен не пайда, егер өз әлемімізді сақтай алмасақ.Мен анамнан әлемімізді одан да тазалықта ұстап, жануарлар өлмеуі үшін не істей аламын деп сұрадым. Сонда анам қоқыстарды сұрыптап, пластикті аз қолдануды ұсынды.Бірінші сыныпта маған табиғаттану сабағы бойынша жоба дайындауды ұсынды. Тақырыпты өзіміз таңдадық. Жоба м…

0
0
626

Мейрам Байғұжеков: еріктілік әрқашан жаныңда, әрқашан сенімен

Мейрам Байғұжеков: егер саған күніне бірнеше рет «рахмет» деп айтса, онда сенің күнің бекер өтпегенУниверситеттегі оқудың үшінші курсында мен әлеуметтік қызметпен айналыса бастадым. Ветеринар мамандығы бойынша оқыдым, содан оқу процессі өте тығыз болды. Сондықтан, мамандықпен байланысты емес хоббиге қажеттілік туды.Алдымен Enactus университеттік топ құрамында болдым. Бұл – студенттер–әлеуметтік кәсіпкерлерді топтастыратын халықаралық ұйым. 2014 жылы біз Ұлттық чемпионатты ұтып, елімізді Бейжіндегі Әлемдік Кубокта таныстырдық. Сол кезде мен әлеуметтік жобалармен айналысқым келетіндігімді түсіндім. Солай 2015 жылы қайта құрылған «Волонтерлар лигасы» Қоғамдық қорына келдім.Ұйым құрамында үш жыл болдым. Басында бәз әкімшілік және басқа да ұйымдармен жұмыс істеп, әлеуметтік, мәдени және спортт…

0
0
462

Американдық меценат Дэвид Валера:"Қазақстанда еріктілік АҚШ-пен бірдей белсенді дамып келеді»

Дэвид Валера – АҚШ меценаты, біздің елдеріміз бен халықтарымызды жақындастыру, Қазақстанда волонтерлік қозғалысты дамыту, сондай-ақ балаларды, оның ішінде ауылдық жерлерден балаларды ағылшын тіліне оқыту сияқты игі миссиялармен айналысады. Негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға көмектесу болып табылатын, еріктілер қозғалысының қозғаушы күші жастар екеніне сенімді.15 қазанда балалар мен жастар арасындағы қайырымдылық тақырыбындағы онлайн-дәріс барысында Дэвид Валера Қазақстанмен қалай танысқанын, оның елімізде қандай жұмыс жүргізіп жатқанын айтып, студенттердің сұрақтарына жауап берді."Мен сіздің еліңіз туралы шамамен 20 жыл бұрын Нью-Йорктегі отандасыңызбен танысқан кезде білдім. Ол кезде мен Қазақстан туралы ештеңе білмейтін едім. Бір жылдан кейін досым мені оның еліне шақырды. Көп саяхаттаға…

0
0
380

О.Құдайбергенов: «Халқымыздың көпшілігі қайырымдылықпен айналысады. Бұл біздің қанымызға сіңген»

15 қазан қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерімен өткен «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» онлайн-дәрісінде экономист, қоғам қайраткері, «Тайбурыл» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Олжас Құдайбергенов оны қайырымдылықпен айналысуға не итермелегені және бұл туралы неге айтуға болатынын ғана емес, неге айту керек екенін айтты.«Қазақстанда қайырымдылық мәдениеті нашар дамығандығымен келіспеймін. Бізде азаматтардың көпшілігі қалай дегенмен осы игі іспен айналысады. Тағы бір мәселе, қарапайымдылық біздің мәдениетімізге сіңген. Сонымен бірге, сол АҚШ-та да қайырымдылық әдетте әртүрлі ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, яғни мұның бәрі көпшілік алдында жасалады. Қазақтарда қайырымдылық мәдениеті бұрыннан бар, бірақ ол ретсіз сипатқа ие. Тіпті бізде басқа елдермен салы…

0
0
412

Әлинұр Әділбеков: «Адам боламын!»

Бірақ бірнеше айдан кейін сәбидің туа біткен бірнеше ауруы белгілі болды: басын тік ұстай алмады, құлағы дұрыс естімеді, сол себепті тілі де кеш шықты. Отыра алмады, тіпті қатты тамақ шайнау да баланың қолынан келмеді.Өмірге деген құштарлық, ата-ананың қолдауы мен сенімі, қамқор адамдар көмегі арқасында Әлинұр жүруді, сөйлеуді, тіпті жүзуді үйренді.«Өмірге ұл бала келсе, ұрпақ жалғасады. Шөбересін көру үлкен атаның арманы екенін білетін жолдасым аяғымның ауыр екенін білгенде, қатты қуанды, ал оның ұл бала екенін білгенде тіпті, қуанышында шек болмады. Әлинұр 2009 жылы қазанның 8 күні дүниеге келді. Омырауы ембей жылай беретін, үлкендер «жыламайтын бала болмайды» деген соң, басында еш күдік болмады. 3 айына дейін бәрі жақсы деп ойлаған едім, бірақ күннен күнге жылауы көбейе бастады. Күндіз…

0
0
1230

«Саламатты болашақ» жобасы: 320 «ерекше» спортшыларға арналған 8 бейімделген секциялар

Нұргүл Ұлжекова қайырымдылық ұйымын құруға мәжбүр болды деп айтуға болады, себебі ол мүгедектігі бар ұлды тәрбиелеп отыр, оның церебралды сал ауруы (ДЦП) бар.«Біз бірінші сыныпқа барған кезде менің балам, барлық құрдастары сияқты спортпен айналысқысы келді. Бірақ өкінішке орай, оны ешқандай бөлімге қабылдамады. Осы уақытта біз сонымен қатар «Қасиетті жол» орталығында оңалтуға барып жүрдік. Біздің ЕДТ-нұсқаушымыз тәжірибе ретінде ЕДТ-нің орнына каратэ катаны қолдана бастады. Ұлыма емдік дене шынықтырудың осындай интерпретациясы ұнады. Курсты аяқтағаннан кейін мен ұлымды каратэ бөліміне беру керек деп ойладым. Менің балам жүрсе де, ақылы сақталған болса да, өкінішке орай біз бірде-бір жаттықтырушыға бекітіле алмадық, барлығы оны алудан бас тартты. Сондықтан баламмен бірге түзету балабақшасы…

0
0
800

Проект «Саламатты болашақ»: 8 адаптивных секций для 320 «особенных» спортсменов

Можно сказать, что Нургуль Ульжекова была вынуждена создать благотворительную организацию: она воспитывает сына с инвалидностью, у него ДЦП.«Когда мы пошли в первый класс, мой ребенок, как и все его сверстники, захотел заниматься спортом. Но, к сожалению, его не принимали ни в одну секцию. В это время мы параллельно проходили в реабилитацию в центре «Қасиетті жол». Наш ЛФК-инструктор в качестве эксперимента стал применять вместо ЛФК элементы ката каратэ. Сыну понравилась такая интерпретация лечебной физкультуры. После окончания курса я стала задумываться, что сына нужно отдать на секцию карате. К сожалению, мы не смогли прикрепиться ни к одному тренеру, все отказывались его брать. Хотя мой ребенок ходит, интеллект сохранный. Поэтому родилась идея создать свою секцию с участием детей, кото…

1
0
710