Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиал

«Nur Otan» партиясы Қаратал аудандық филиал жоспарына сәйкес,депутаттық фракция жетекшісі Тенелбаев Жандостың Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын түсіндіру үшін ЖШС «Тамас» еңбек ұжымымен онлайн кездесу өтті.

0
0
142

Тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арипова Гүлнара Рауанқызы тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесті. Онлайн кездесуде ауданда атқарылған ауқымды шаруалар мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жұмыстары, жеткен жетістіктері мен ауданымыздағы өзекті мәселелер талқыланып болашақтағы жоспарлар туралы айтылды. Гүлнара Рауанқызы өз сөзінде барлық саланы қамтып өтті. Мәселен, ауыз су, жол мәселесі, жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар мен тұрғын үйлер, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан баспаналар. Тікелей эфир кезінде Праймериз яғни ішкі іріктеу жөнінде де айтылды. Індетке байланысты пандемияның өршіп тұрған шағында партия тарапынан көрсетілген көмек жайында да тілге тиек етілді.

0
0
208

"Қашықтықтан оқыту - бұл прогресс пе, регресс пе?"

Қалалық партия филиалы жанындағы "Jas Otan" ЖҚ мүшелерімен "Қашықтықтан оқыту - бұл прогресс пе, регресс пе?" тақырыбында онлайн форматта пікірсайыс өтті.

Екі тарап та онлайн оқытудың тиімді тұстары мен қолайсыз жақтарын алға тартып, түрлі ұсыныстарын ортаға салды.

Еске сала кетейік,

«ktk.kz» сайтында: Білім министрінің айтуынша, небәрі 35 күнге жалғасатын жаңа тоқсанда үш миллиондай оқушы қашықтан білім алады. Ал олардың оқу үлгерімін, мектептің білім деңгейін тексеру уақытша тоқтатылмақ, Мұғалімдерден ешқандай да есептер талап етілмейді- делінген

0
0
130

"Nur Otan" партиясы АҚФ ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы» жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.

Шараға "Nur Otan" АҚФ қызметкерлері, Ақтау қалалық маслихатына үміткер Ғ. Әбдісадық, Ақтау қалалық білім бөлімінің бас маманы Ж.Агманова, Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы А.Қоразова және Ақтау қаласы ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция капитаны Ж.Рысбеков және «Атамекен» КП қызметкерлері қатысты.

Басқосуда балалар құқығын қорғау саласындағы баяндамалар мен есептер тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Қатысушылардың алған әсерлерімен бөлісіп көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Іс шараны қортындылай келе, қалалық маслихатына үміткер Ғани Ғабитұлы жиынға қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын жеткізді.

0
0
123

"Nur Otan" партиясы АҚФ «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы шеңберінде "Nur Otan" АҚФ мүшелері мен жергілікті полиция қызметіне қарасты ювеналды полиция бөлім қызметкерлерінің қатысуымен рейд жүргізілді. Мақсаты – түнгі 23:00 - ден кейін ата-анасыз, яғни ересектерсіз көшеде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, жасөспірімдер арасында жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған шара 23:00-00:38 уақыт аралығында 3а , 5, 6, 9, 14, 22 шағын аудандарда жүргізілді. Нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша кәмелетке жасы толмаған оқушылар мен жасөспірімдердің заңды тұлғаларынсыз беймезгіл уақытта жүргендігі анықталған жоқ.

0
0
214

Ақтауда "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті.

Ақтауда "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті. Алқалы жиынға облыс әкімі Серікбай Трұмов, қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, облыс және қала басшылары, саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйым төрағалары, облыс, қала, ауданнан сайланған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтіп, ең көп дауыс жинаған қатысушылар ішінен ҚР Парламентінің Мәжілісіне Маңғыстау облысынан партиялық тізімге енген кандидаттар жария пікірсайыс қорытындысы бойынша 3 үміткер анықталды. Сонымен қатар конференцияны филиалдың Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы көрсетілді. «Nur Otan» партиясының алдағы уақытта да ел дамуына елеулі үлес қосып, партиялық…

0
0
154

"Nur Otan" партиясы АҚФ «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында рейд жұмыстарын жүргізді.

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалы «Құтты мекен» партиялық жобасы аясында салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап рейд жұмыстарын жүргізді. «Nur Otan» партиясы АҚФ жанындағы партиялық бақылау комиссияның төрағасы Н. Төлендиева, қалалық мәслихат депутаты Ш.Гусейнов, партия бақылау комиссиясының мүшесі А.Демеев және Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Э. Машрықовтың қатысуымен тұрғын үй құрылысы бойынша одан арғы жұмыс туралы жауап берді. Жаңа шағынаудандарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету бойынша 16, 18, 19, 19А, Шығыс-2, Шығыс-3 шағын аудандарын электр, су, канализация желілерімен қамтамасыз ету жұмыстары Ақтау көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстарымен таныстырды.Аралау барысында партия бақылау комиссиясының мүшелері құрылыс сапасына мән берілу…

0
0
123

"Мирас" шаруа қожалығы ұжымымен жоспарға сәйкес кездесті

Ағымдағы жылдың 17-ші қарашасында «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арипова Гүлнара Рауанқызы “Тегістік” ауылындағы "Мирас" шаруа қожалығы ұжымымен жоспарға сәйкес кездесті. "Мирас" шаруа қожалығы кәсібін төрт түлік арқылы дөңгелетіп отыр және картошка өнімімен айналысады. Бүгінде шаруашылықты Себдайыр Марат Манапұлы басқарып отыр. Тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған шаруашылықтың ауылға тигізіп жатқан пайдасы мол. Нақтысын айтсақ, биылғы жиын-теріннің нәтижесі жоспарға сай деуге болады. Мәселен, 1 гектар жерге егілген картошкадан 400 центнер өнім алды. Кездесу барысында Гүлнара Рауанқызы шаруашылықта жүріп жатқан жұмыстың мән-жайымен танысып қана қоймай, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың да жай-жапсарын біліп қайтты. Шаруашылықтағы қызметке…

0
0
184