Ақтауда "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті.
Ақтауда "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXII конференциясы өтті. Алқалы жиынға облыс әкімі Серікбай Трұмов, қала әкімі Нұрдәулет Қилыбай, облыс және қала басшылары, саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйым төрағалары, облыс, қала, ауданнан сайланған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Мәжілістегі партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыстар өтіп, ең көп дауыс жинаған қатысушылар ішінен ҚР Парламентінің Мәжілісіне Маңғыстау облысынан партиялық тізімге енген кандидаттар жария пікірсайыс қорытындысы бойынша 3 үміткер анықталды.
Сонымен қатар конференцияны филиалдың Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирі арқылы көрсетілді. «Nur Otan» партиясының алдағы уақытта да ел дамуына елеулі үлес қосып, партиялық тізімге енген үміткерлердің жоспарланған міндеттерді абыроймен атқаратынына сенім мол.
Ақтау қалалық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Муратбек Дощанов
