Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арипова Гүлнара Рауанқызы тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесті. Онлайн кездесуде ауданда атқарылған ауқымды шаруалар мен алдағы уақытта жүзеге асырылуы тиіс жұмыстары, жеткен жетістіктері мен ауданымыздағы өзекті мәселелер талқыланып болашақтағы жоспарлар туралы айтылды. Гүлнара Рауанқызы өз сөзінде барлық саланы қамтып өтті. Мәселен, ауыз су, жол мәселесі, жаңадан бой көтеріп жатқан нысандар мен тұрғын үйлер, мемлекеттік бағдарлама аясында беріліп жатқан баспаналар. Тікелей эфир кезінде Праймериз яғни ішкі іріктеу жөнінде де айтылды. Індетке байланысты пандемияның өршіп тұрған шағында партия тарапынан көрсетілген көмек жайында да тілге тиек етілді.

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Тікелей эфирде аудан тұрғындарымен кездесті. - Yvision.kz